Абдулла Насруллаһи (; XVI ғасыр) — Шайбанилер мемлекетінің ескі өзбек тіліндеБолдырев А.Н. Зайниддин Васифи. Душанбе, 1989, с.41 жазған тарихшысы.

Қызметі ​«Бахр әл-асрар» еңбегіндегі мәлімет бойынша, оның толық есімі — Абдаллах ибн Мухаммад Али Насраллаһи. Сондай-ақ, ол Балх қаласынан шыққандықтан Мәулана Абдаллах бен Али немесе Абдаллах Балхи деген есімдермен де танымал болған.

​Ол еңбектерін ескі өзбек тілінде Материалы по истории казахских ханств XV–XVIII веков. (Извлечения из персидских и тюркских сочинений). Алма-Ата. Наука. 1969 жазған.

Ол Мырза Ұлықбектің ұрпағы, өзбек билеушісі Келді Мұхаммедтің сарайында қызмет етті және соның тапсырмасымен өзінің туындысын жазды. Негізгі еңбегі — «Жылнамалар қаймағы» (Зубдат әл-асар). Бұл еңбекті алғаш зерттеген В.В. Бартольд болды. 1902 жылы В. Бартольд В.Л. Вяткиннің қолжазбалар жинағында сақталған «Зубдат әл-асар» тізімімен танысты. ​«Зубдат әл-асар» — материалдары тараулар бойынша баяндалатын, ал тараулары мұсылман әулеттерінің билігіне қарай бөлінетін дүниежүзілік тарих үлгісіндегі шығарма. Оқиғаларды баяндау 1525 жылға дейін, яғни Сүйінішқожа хан қайтыс болған жылға дейін жеткізілген.

«Зубдат әл-асар» еңбегін жазуда Шараф ад-Дин Әли Йаздидің «Зафар-наме», Мирхондтың «Раузат ас-сафа», Хондемирдің «Хуласат әл-ахбар», Шайх Махмуд Занги-йи Аджамның «Джуш-у Хуруш» және «Киран-и са’дайн» шығармалары дереккөз ретінде пайдаланылды. Дереккөздер қатарында сонымен қатар «Тарих-и хани», яғни «ұйғыр бақсылары ұйғыр тілінде және ұйғыр жазуымен құрастырған шежіре...» де аталады.

Әдебиет Б.А. Ахмедов. Государство кочевых узбеков. Наука, 1965. Материалы по истории казахских ханств XV–XVIII веков. (Извлечения из персидских и тюркских сочинений). Алма-Ата. Наука. 1969

Дереккөздер

Санат:Өзбекстан тарихы Санат:Орталық Азия тарихы Санат:Бұхара хандығы тарихшылары Санат:Бұхара хандығы ғалымдары Санат:Өзбек хандықтарының мәдениет және өнер қайраткерлері