Сәуле Мағазқызы Алтыбаева — филология ғылымының докторы (2010).
Өмірбаяны, еңбек жолы 1968 жылы 5 қарашада Ақмола облысы, Есіл қаласында туған.
Арқалық педагогикалық институтын (1990, қазіргі Арқалық педагогикалық университеті) бітірген. 1990-96 жылдары Әдебиет және өнер институтында ізденуші, аспирант, 1996-2011 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімшесінде ғалым-хатшы қызметін атқарды. 2011 жылдан Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің магистратура мен докторантура институты филология пәндер кафедрасында доцент міндетін атқарушы.
Ғылыми бағыты, еңбектері "Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ прозасы дамуының негізгі бағдарлары" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. С.М. Алтыбаева қазіргі әдебиеттану, әдебиет теориясының, көркем аударма теориясы мен практикасы саласының маманы. Қазіргі заман қазақ әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдық, көпжелілік, неомифологизм, жанрлық синкретизм, кейінгі өзгеріс эстетикасының, көркем әдебиет мәселелерін зерттеген. 100-ге жуық ғылыми мақаланың авторы. Еңбектері Ресей, Түркия, Литва, Беларусь, Қырғызстан елдерінде жарық көрген.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Алтыбаева Сауле Магазқызы.
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Филология ғылымдарының докторлары