Бокстан әлем кубогы — World Boxing (2025 жылдан бастап) және AIBA (1979–2022) аясында өтетін халықаралық әуесқой бокс жарысы. Турнирдің форматы мен өткізілу жиілігі тарих бойы бірнеше рет өзгеріске ұшырады.
Тарихы Әлем кубогы алғаш рет 1979 жылы ұйымдастырылды.
1979—1998 жылдар: Жарыс жекелей есепте өтті. Бастапқыда екі жылда бір рет, кейінірек төрт жылда бір рет ұйымдастырылды.
2002—2006 жылдар: Турнир командалық форматқа ауыстырылып, осы уақыт аралығында үш ірі командалық біріншілік өтті.
2008 жылдан бастап: Ұйымдастырушылар қайтадан жекелей форматқа оралу туралы шешім қабылдады.
2025 жыл: Халықаралық бокс аренасындағы өзгерістерге байланысты, Кубок жаңадан құрылған World Boxing ұйымының аясында өткізіле бастады.
Бокстан әлем кубогы 2025
Қазақстан 2025 жылы жаңа форматтағы Әлем кубогының финалы Қазақстанда өтті. Турнир — рейтингтік жарыс болуып саналады. Турнирге 29 елден 250-ден астам боксшы қатысты. Турнирдің финалдық жекпе-жектеріне Қазақстан Республикасының Президенті қатысты.
Бокстан әлем кубогы 2026
Бірінші кезең. 2026 жылғы 20–26 сәуір Фос-ду-Игуасу, Бразилия Екінші кезең. 2026 жылғы 15–21 маусым Гуйян, Қытай Финал. 2026 жылғы 25 қараша – 2 желтоқсан Ташкент, Өзбекстан
Командалық есеп (2002-2006) Командалық формат кезінде келесі құрамалар үздік шықты: ЖылӨткізілген орныАлтынКүміс2002Астана, ҚазақстанКубаҚазақстан2005Мәскеу, РесейРесейКуба2006Баку, ӘзірбайжанКубаРесей
Тағы қараңыз Бокстан әлем чемпионаты Олимпиада ойындарындағы бокс
Дереккөздер
Санат:Бокстан әлем чемпионаттары