Every End — Dimrain47 деген атпен танылған Клэйшн Трэммэл жасаған электронды трек. Бұл туынды интернетте тараған ертеректегі музыкалардың қатарына жатады.
Әннің ішінде қатты синтез дыбыстары, тез ауысатын мелодиялар және эмоциялық ауырлау атмосфера бар. Басында жай басталып, кейін қарқыны өсіп, орта тұсында ең күшті бөлігіне өтеді де, соңында қайта бәсеңдейді.
Көбіне бұл трек түрлі ойын видеоларында қолданылып кеткен, әсіресе Geometry Dash қауымдастығында жиі кездеседі. Сол себепті интернет қолданушылары арасында кеңінен танылған.
Әннің тарихы
Әнді 2007 жылдың 10 мамыры күні жас композитор Клэйшн Трэммэл жасап, Newgroundsке жүктеп салған. Ол кезі ән қатты танымалдылығы болмады.
2011 жылы YouTube арна ашып, сол жерге әнін жүктеп салады. Кейін 2023 жылы Geometry Dash ойынында ән танымалдылыққа ие болды. Әзір осы әнді адамдардың көбі Geometry Dash ойыны арқылы табады.