Гүлмира Николаевна Накипова — экономика ғылымының докторы (2009), профессор (2011).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1965 жылы 6 қарашада Қарағанды қаласында туған.

Қарағанды кооператив институтын (1985, қазіргі Қарағанды экономика университеті) бітірген. Кооперативтік сауда экономикасы Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының Қазақ бөлімшесінің кіші ғылыми қызметкері (1987-88), Қарағанды кооператив институтында аға оқытушы, доцент (1988-2001), Қарағанды экономика университетінде декан, жетекші ғылыми қызметкер (2002-08) болды. 2009 жылдан декан, профессор.[https://keu.edu.kz/images/stories/Nauka/Grants/AP26102165/nk1.pdf Накипова Гульмира Николаевна.]

Ғылыми бағыты, еңбектері Негізгі ғылыми бағыты – әлеуметтік-экономикалық жүйелерді стратегиялық басқарудағы жаңа тәсілдер. "Жаһандану жағдайында Қазақстанның азық-түлік аясын стратегиялық басқару: теориясы, әдіснамасы, басымдықтары" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 55 ғылыми жарияланымның, 3 монография, 2 оқулық, 1 оқу құралының авторы.

Марапаттары Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы (2007).Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Экономика ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар