Дина Наурызбайқызы Ақбаева — химия ғылымының докторы (2011), доцент (2009), профессор (2025)Акбаева Дина Наурызбаевна. .

Өмірбаяны, еңбек жолы 1969 жылы 11 шілдеде Алматы қаласында туған.

ҚазМУ-ды (1991, қазіргі Қазақ ұлттық университеті), Органикалық катализ және электрохимия институтының аспирантурасын (1994), докторантурасын (2009) бітірген.

Органикалық катализ және электрохимия институтында кіші, аға ғылыми қызметкер (1994-2010), Қазақстан-Британ техникалық университетінде тьютор, дəріскер (2008-09), 2010 жылдан Қазақ ұлттық университетінде оқытушы. Ұлттық ғылыми зерттеу орталығында (1997-98, Тулуза қ., Франция), Кайзерслаутерн техникалық университетінде (1999-2000, Германия), Ұлттық ҒА Металл органика институтында (2001-05, Флоренция қ., Италия), стажировкадан өтті. Металл-органикалық қосындылардың химиясына арналған 5 конгресте (2002, Венеция қ., Италия), Халықаралық 12 гомогенді жəне гетерогенді катализ симпозиуымында (Флоренция қ., Италия), Феррара университетінде (2002) дəрістер оқып, постерлік тұсаукесерлер өткізді.

Еңбектері 81 ғылыми мақаланың, 1 итальяндық патент, 4 қазақстандық патенттердің авторы.

Марапаттары ҚР ҰҒА Д.В. Сокольский атындағы сыйлық (1995); ИНТАС жас ғалымдар сыйлығы лауреаты (2003); Халықаралық Сорос қорының грантының иегері (1994-96); НАТО қорының стипендиясының иегері (2003-04).Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Химия ғылымдарының докторлары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Профессорлар Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары