2026 жылғы ақпанның соңына қарай Ауғанстан мен Пәкістан арасында соғыс басталды. Бұдан Пәкістанның шығыс Ауғанстандағы әскери нысаналарға әуе шабуылдары себеп болды. Пәкістан хабарлауынша, бұл шабуылдар Пәкістанда болған бұрынғы шабуылдарға жауап ретінде, Ислам мемлекеті Хорасан уәлаятының құрамындағы Пәкістандық Талибанға жасалған болатын деді. Талибан әкімшілігі мен Ауғанстандағы БҰҰ-ның көмек миссиясы (UNAMA) қайтыс болған азаматтар санын хабарлап отырды, алайда берген сандары өзгеше еді.

Бастапқы соққылар әуе шабуылдары, артиллериялық атыстарды, дрондарға қатысты оқиғаларды мен Ауғанстан–Пәкістан шекарасының бірнеше нүктесінде болған қақтығыстарды қамтыған кең ауқымды трансшекаралық текетіреске ұласты. 26 ақпанда «Талибан» күштері Пәкістанның әскери позициялары мен шекара бекеттеріне жауап ретінде жоспарланған шабуылдар жасады. Бұдан кейін Пәкістан Ауғанстанға қарсы «ашық соғыс» жариялап, «Ғазаб лил Хақ операциясы» атты ірі көлемді науқан бастады, ол Ауғанстанның шығысындағы «Талибан» позицияларына қарсы әуе және жерүсті соққылар жүргізді.

Екі жақ та қаза тапқандар саны мен әскери нәтижелер туралы бір-бірінен едәуір айырмашылығы бар мәліметтер келтірді; әр жақ қарсыласының хабарларын жоққа шығарып тұрды. Тәуелсіз есептер мен ғарыштан алынған түсірілімдер Пәкістанның көптеген соққылары әскери нысандарға бағытталғанын көрсетті. Пәкістан Кабул мен Кандагарға әуе соққыларын жасап, «ашық соғыс» жариялады

Қақтығыс елеулі гуманитарлық және саяси салдарға әкелді. UNAMA бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар мен жарақаттанғандар туралы хабарлап, халықаралық құқықтың сақталуын талап етті. Шекараның екі жағында да мыңдаған адам қоныс аударуға мәжбүр болды. Ауғанстаннан келген мәлімет бұқаралық ақпарат құралдарына шектеулердің қойылғаны, бейбіт тұрғындарға «Пәкістанға қарсы» әрекеттерге қатысу үшін қысым жасалғаны және жаңа сарбаз жинауы әрекеттері сипатталған.

Алғышарттары 2026 жылғы ақпан айының басында Пәкістанның түрлі жерінде, соның ішінде Исламабадтағы мешітте, Баджаур мен Баннуда лаңкестік актілер жасалды. Пәкістандық Талибан (ТТП) жауапкершілікті өз мойнына алды.

Барысы 2026 жылғы 21 және 22 ақпан аралығында Пәкістан Ауғанстанның түрлі жеріне, соның ішінде Кабул, Кандагар, Пактия Пактика, Нангархар мен Хост провинцияларына, әуе соққыларын жасады. Бұл нысандарды ол ТТП лагерьлері деді. 26 ақпанда Талибан шекара бойындағы Пәкістан әскерилеріне ірі соққы жасады.

27 ақпанда Пәкістан қорғаныс министрі Хаваджа Асиф «Ғазаб лил Хақ операциясын» жариялап, Ауғанстанға қарсы «ашық соғыс» ашты.

2026 жылғы 17 наурызда Талибан Кабулдағы наркологиялық ауруханаға соққы жасалғанын, себебінен 400 адамның қайтыс, 250 жарақат болғанын хабарлады. Пәкістан бұл ақпаратты жоққа шығарды.

27 наурызда Рамазан айына орай болған уақытша бітім аяқталды да, Ауғанстан әскери операциясының қайта басталмақ болғанын хабарлады. Сыртқы істер министрлігінің ақпаратынша 23 наурыздан 24 наурызға қараған түні әскери әрекеттер үзілген еді.

Ескертпелер

Дереккөздер

Санат:Ауғанстан соғыстары Санат:Пәкістан соғыстары Санат:XXI ғасыр соғыстары Санат:Қазірге дейін жалғасып жатқан соғыстар Санат:2026 жылдағы Ауғанстан Санат:2026 жылдағы Пәкістан Санат:Ауғанстан-Пәкістан қатынастары