«Кеңес Әскері мен Флотына 30 жыл» мерейтойлық медалі () — Кеңес Әскері мен Әскери-теңіз күштерінің 30 жылдығын атап өту үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1948 жылғы 22 ақпандағы Жарлығымен белгіленді. Медалдың бейнесін — суретші Н. И. Москалов жасаған.

Медал жайлы ереже «Кеңес Әскері мен Әскери-теңіз күштерінің 30 жылдығы» мерейтойлық медалі 1948 жылдың 23 ақпанында КСРО Қарулы Күштерінің, ІІМ және МҚМ қатарында болған барлық генералдарға, адмиралдарға, офицерлерге, старшиналарға, сержанттарға, сарбаздарға және матростарға беріледі.

«Кеңес Армиясы мен Әскери-теңіз күштерінің 30 жылдығы» мерейтойлық медалі кеуденің сол жағына тағады, ал басқа КСРО медальдары болған жағдайда «Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскеріне ХХ жыл» мерейтойлық медалінен кейін орналастырылады.

1995 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша шамамен 3 710 920 адам «Кеңес Әскері мен Әскери-теңіз күштеріне 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

Марапаттау рәсімдерінің соңғысы 2021 жылдың 31 тамызында Санкт-Петербургте өтті.

Медалдің сипаттамасы «Кеңес Әскері мен Әскери-теңіз күштерінің 30 жылдығы» мерейтойлық медалі жезден жасалып, диаметрі 32 мм шеңбер пішінге ие.

Медалдың бет жағында — В. И. Ленин мен И. В. Сталиннің кеудесіне дейінгі бейінді бейнесі суреттелген. Медалдың төменгі жағында — «XXX» деген бедерлі жазу жазылған.

Медалдың артқы жағында - айнала бойлай: «ОТЫЗ ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА» (), ортасында: «КЕҢЕС ӘСКЕРІ МЕН ӘСКЕР-ТЕҢІЗ ФЛОТЫ» () деген жазу және «1918-1948» деген жылдар жазылған.

Медалдың шеттері ернеумен жиектелген. Медалдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы келеді.

Медаль құлақша мен шығыршық арқылы ені 24 мм болатын сұр түсті жібек қатқыл таспамен тысталған бесбұрышты тағанға біріктіріледі. Таспаның ортасында ені 8 мм кең қызыл жолақ, таспаның шеттерінде ені 2 мм жіңішке қызыл жолақтар бар.

Суреттемесі

Әдебиет

Дереккөздер

Санат:КСРО медалдары