Шәмшия Сайдғалиқызы Рысбекова — философия ғылымының докторы (2010), профессор (2010).
Өмірбаяны, еңбек жолы 1958 жылы 4 маусымда Павлодар облысы, Железин ауданы, Михайловка ауылында туған.
Қазақ ұлттық университетін (1993) бітірген. 1993-2003 жылдары ҚР ҰҒА-ның Философия және политология институтында, Қазақ экономикалық университетінде педагогикалық-ғылыми жұмыспен айналысты. 2003 жылдан Қазақ ұлттық университетінде қызмет атқарды. 2010 жылдан кафедра профессоры болды.
Ғылыми бағыты, еңбектері "Антропологическая проблематика в современной религиозной философии" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 80 ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монография, 10 оқу құралының авторы.
Марапаттары Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы (2011).Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Философ, дінтанушы Шамшия Рысбекова дүниеден озды.
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Философия ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары