Татарстан Республикасы Райысы () — Республиканың (субъектінің, мемлекеттің) басшысы және Татарстандағы мемлекеттік биліктің атқарушы органдары жүйесін басқаратын ең жоғары лауазымды тұлға. 1991 жылдың 4 шілдесінен 2023 жылдың 6 ақпанына дейін республика басшысының лауазымы Татарстан Республикасының Президенті деп аталды.

Татарстан президенті лауазымы 1991 жылы құрылды, оның тұңғыш президенті Минтимер Шәймиев болды. 2023 жылы лауазымның атауы «басшы (райыс)» болып өзгертілді.

Татарстан басшысының резиденциясы — Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласында орналасқан Қазан кіреміліндегі Президент сарайы.

Татарстанда биліктің нышаны болып Татарстан Республикасы басшысының (Райысының) қызметтік кабинеті мен резиденциялардың үстіне орналастырылған Байрағы. Байрақ — ортасында Татарстанның мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген Татарстанның мемлекеттік ту болып келеді.

Тарихы Татарстанның ең жоғары лауазымды тұлғасының жаңа лауазымы Республика Жоғарғы Кеңесі Төралқасы Төрағасының орнына белгіленді (Шаймиев бұл қызметті 1990 жылдан бері атқарып келді). 1991 жылы 12 маусымда Минтимер Шәріпұлы Шәймиев баламасыз негізде (басқа кандидаттар өз кандидатураларын алып тастағаннан кейін) халықтық сайлауда басым дауыспен Татарстанның тұңғыш президенті болып сайланды. Содан соң Минтемир Шаймиев 1996 мен 2001 жылдары баламасыз және баламалы халықтық сайлауда басым дауыспен қайта сайланды.

Ресей Федерациясындағы субъектілердің басшыларын тағайындаудың жаңа тәртібіне сәйкес, 2005 жылдың 25 наурызында Ресей президенті Владимир Путиннің ұсынысы бойынша Татарстан Мемлекеттік кеңесі Минтимер Шәріпұлыны төртінші мерзімге Татарстан президенті етіп тағайындады. Минтимер Шәріпұлы Татарстан президенті қызметін 4 мерзім және 6862 күн (сол кезде Ресейдегі субъеклердің басшылары арасындағы рекордтық көрсеткіш) атқарды.

2009 жылдың желтоқсанында биліктегі «Біртұтас Ресей» партиясы қазіргі президент, премьер-министр және республика парламентінің спикері Минтимер Шәріпұлыны, Рүстем Нұрғалиұлыны және Фарит Мұхамметшинді Ресей президенті Дмитрий Медведевке Татарстан президенті лауазымына кандидаттар ретінде ұсынды. 2010 жылдың 22 қаңтарында Минтемир Шаймиев Ресей президенті Дмитрий Медведевтен 2010 жылдың 25 наурызынан кейін оны тағы бір президенттік мерзімге қарастырмауды сұрады. 2010 жылдың 25 наурызында Ресей президенті ұсынған Рустам Миннихановты Татарстан Мемлекеттік кеңесі бірауыздан өкілеттікке тағайындап, Татарстанның екінші президенті қызметіне кірісті, ал Минтемир Шаймиев Татарстанның мемлекеттік кеңесшісі болып тағайындалды. 2015 жылдың қыркүйегінде Р.Н. Минниханов екінші мерзімге президент болып қайта сайланды.

Татарстан президенттері басқа елдерге ресми сапарлар жасайтын және әлі де жасап келеді, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерден келген шетелдік мемлекет және үкімет басшыларын Қазан қаласында бірнеше рет қабылдады және әлі де қабылдайды. Мысалы, Татарстан президенті Минтимер Шәріпұлы АҚШ президенті Билл Клинтонмен (1994 жылдың қазан айында, Татарстан егемендігін жариялағаннан кейін АҚШ-қа сапары кезінде және 1998 жылдың қазан айында Мәскеуде) және Қытай Халық Республикасының төрағасы Ху Цзиньтаомен (2007 жылдың наурыз айында Қазан қаласында) кездесті.

Лауазымның атауы thumb|right|300px|Қазан кіреміліндегі Президент сарайы — Татарстан басшысының резиденциясы. thumb|right|300px|Татарстан президенті М.Ш. Шаймиев резиденциясының қабылдау залында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонмен бірге, 2009 жыл 2010 жылы Ресей Федерациясы бұрын президент атағын иеленген субъектілері басшыларының атын өзгерте бастады. Бұл үдерісті ресми түрде Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров бастады, ол өзін президент деп атаудан бас тартатынын бірінші болып мәлімдеп, басқаларды да солай істеуге шақырды. Содан кейін Қадыров «Ресейде тек бір ғана мемлекет қайраткерінің президент деп аталуға құқығы бар» және «аймақтық президенттер шеруі» аяқталуы керек деп мәлімдеді. 2010 жылдың соңында президент Дмитрий Медведев Мемлекеттік Дума мен Федерация Кеңесі бекіткен Ресей Федерациясы субъектілерінің басшыларына өздерін президент деп атауға тыйым салатын заңға қол қойды, бұл қоғамда наразылық тудырды. Сонымен қатар, аймақтарға тарихи дәстүрлерге сәйкес, қабылдау мерзімін 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін шектей отыра өз басшыларына лауазымдарының атауын таңдауға рұқсат етілді. 2013 жылдың соңына дейін тек Башқұртстан мен Татарстан ғана республика басшысының жаңа атауы жайлы заң шығармады. Содан кейін Татарстан президенті Рүстем Нұрғалиұлы бұл лауазымның атауы заңда белгіленген мерзімде өзгертілетінін мәлімдеді.

Татарстанның тұңғыш президенті Минтимер Шәріпұлының айтуынша, «президент» атауын пайдалануға тыйым салатын заң жобалары бірнеше рет енгізілген. Бірінші рет заң жобасы Ресей Конституциясын бұзғаны үшін Мемлекеттік Дума тарапынан қабылданбады, екінші рет дәл осы себеппен Ресей үкіметі тарапынан қабылданбады, заң тек үшінші әрекетте ғана қабылданды. Конституцияның негізгі авторларының бірі, саяси қайраткер Сергей Шахрай да қабылданған заң конституциялық нормаларды бұзады деген ойға сенеді: Аймақтарға өз басшыларын қалай атау керектігін өз бетінше шешу құқығын беретін Ресей Конституциясын депутаттардың ешқайсысы естеріне алмады. Басшыларын қалай атайтындығы — бұл республиканың құқығы. Конституциялық Сот та, басқа ешкім де мұны жоққа шығара алмайды.

2014 жылдың соңына қарай Татарстан президент лауазымын қайта атау мәселесін шешпеген Ресей Федерациясының соңғы субъектісі болып қала берді (2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Башқұртстанда «президент» атауы «Башқұртстан Республикасы басшысы» деген атаумен алмастырылды). 2015 жылдың ақпанында республика басшыларының президент деп аталу мерзімін тағы бір жылға, 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзарту туралы федералды заң қабылданды.

2015 жылдың 18 қыркүйегінде қайта сайланған Татарстан президенті Рүстем Нұрғалиұлының ұлықтау рәсімінде (инаугурация) бұрынғы президент Минтимер Шәріпұлы республика көшбасшысы атағын қорғап: «Адамдар президенттің өзін де, республикамыздың ең жоғары лауазымды тұлғасы — президент атауын да жақсы көреді! Бұл атау бізді берік біріктіреді. Неліктен екенін айтайын: себебі бұл сөзді татар немесе орыс тіліне аудару мүмкін емес. Міне, билік пен бедел осында!» Оның соңынан Татарстан мемлекеттік кеңесінің мәдениет жөніндегі комитетінің төрағасы Разил Уәлиев пен басқа да бірнеше жоғары лауазымды шенеуніктер «президент» атауын сақтап қалуды жақтап сөйледі. Мемлекеттік Думадағы Татарстанның өкілі Илдар Гилмутдинов лауазымның атауын өзгерту мәселесі республика парламентінде 2015 жыл бойы көтерілмегенін хабарлады.

Ресей президенті Владимир Путин аймақтың ең жоғары лауазымды тұлғасының атауы — аймақ тұрғындарының мәселесі екенін мәлімдеді: Ресей федералды мемлекет болғандықтан, «президент» атауын жоққа шығаруға болмайды. Владимир Путиннің ұстанымын «Әділ Ресей» партиясының жетекшісі Сергей Миронов қолдады. 2015 жылдың 17 желтоқсанында баспасөз мәслихаты кезінде В. В. Путиннен лауазымның атауын өзгерту туралы сұрағанда, ол: «Біз Татарстан халқының кез келген таңдауын құрметтейміз. Солай болғандықтан, өздеріңіз шешесіздер, жарай ма?», — деп жауап берді.

2017 жылдың соңына қарай республика басшылығы аймақтың ең жоғары лауазымды тұлғасын «президент» деп атауға айрықша құқықты сақтап қалды, бұл федералдық заңның республика басшыларына арналған атау мерзімінің 2016 жылдың 1 қаңтарында аяқталуына қарамастан болды. Атау өзгеріссіз қалды, ал 2016 немесе 2017 жылдары оны өзгерту туралы ешқандай бастамалар немесе, тіпті, ұсыныстар жасалған жоқ. Татарстан басшылығы президент лауазымы және республиканың мемлекеттік жүйесінің басқа да конституциялық негіздері референдум арқылы бекітілгендіктен, ең жоғары лауазымды тұлғаның атауын өзгерту үшін референдум да өткізу керек деп тұжырымдайды. Дегенмен, кейбіреулер мұның қажет емес екенін айтады, себебі конституциялық заңдарды дауыс беру арқылы және республиканың Мемлекеттік кеңесі қабылдай алады. Республика басшылығы, сонымен қатар, РФ мен республика билік органдары арасындағы өкілеттіктерді ажырату туралы келісімді (мерзімі 2017 жылдың жазында аяқталған) Татарстан президенті жасасқандықтан, республика басшысының өзін президент деп атауға заңды құқығы бар екенін мәлімдеді. Ақыр аяғында, Татарстан басшылығы кез келген жағдайда 2015 жылы сайланған президенттің лауазымы оның өкілеттік мерзімі ішінде өзгертіле алмайды және тек 2020 жылғы сайлауда жаңа атаумен сайланған келесі аймақтық көшбасшыны ғана «басшы» немесе басқаша атауға болады деп санайды.

Нәтижесінде, республика федералды заңға сәйкес президент лауазымынан бас тартпағандықтан, ресми түрде 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап аймақтың конституциясы мен заңнамасы осы мәселе бойынша федералды заңнамаға қайшы келеді. Сонымен қатар, федералдық заңның өзі субъектілердің басшыларының президент атауына тыйым салу жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шектелген өкілеттіктеріне қол сұғып, Ресей Федерациясының Конституциясына, атап айтқанда 11 және 77-баптарға қайшы келеді деген пікір бар:

Қазан федералды университетіндегі Халықаралық қатынастар институтының аймақтану кафедрасы доценті Азат Ахунов президенттердің атын өзгерту туралы заңның филологиялық мәселелерден тысқары шығатынына және оның мағынасы барлығына түсінікті екеніне сенімді. Ресей Федерациясы Коммунистік партиясының Татарстандағы фракциясының жетекшісі Хафиз Миргалимов та федералды шешімге наразылық білдірді: «Мен федералды орталықты мүлдем түсінбеймін. Оларда бұдан артық ешқандай жұмысы жоқ сияқты. Одан да, экономика мәселесін шешсін! ЖІӨ тоқырап тұр, бағалар шарықтап барады, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтар тонауда, жағдай өте ауыр, олар болса республика президенттерінің атын өзгерту идеясын ойлап тапты. Олардың шаруалары қанша? «Президент» ұғымы бас президентке кедергі келтіре ме?». Разил Уәлиев те осыған ұқсас ойларын айтты: «Жағдай күлкілі. Қандай да бір компанияның немесе ұйымның президенті болуға рұқсат беріледі, бірақ жетекші аймақтардың бірінің президенті болуға — болмайды».

11 жыл бойы президенттік мәртебе Татарстан саясаткерлері тарапынан 1992 жылы республикада жарияланған Татарстанның егемендігінің соңғы көрінісі ретінде қарастырылды.

2021 жылдың 27 қыркүйегінде Мемлекеттік Думаның қарауына аймақтық басқару туралы жаңа заң жобасы ұсынылды. Бастамада аймақ жетекшісі «басшы» деп аталуы керек, содан кейін Ресейдің субъектісі көрсетіледі. Бұл ретте, аймақтың тарихи, ұлттық және басқа да дәстүрлерін ескере отырып, «президенттен» басқа қосымша лауазым атауы берілуі мүмкін. Аймақтың ең жоғары атқарушы органының атауы «Ресей Федерациясы субъектісінің үкіметі» болады. Заң жобасы Татарстаннан басқа барлық аймақтарда мақұлданды. «Ресей Федерациясының субъектілеріндегі мемлекеттік билікті ұйымдастырудың жалпы қағидалары туралы» № 414-ФЗ Федералдық заңы Мемлекеттік Думамен қабылданып, В. В. Путин 2021 жылдың 21 желтоқсанында қол қойды. 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін «Татарстан президенті» лауазымының атауы «Татарстан басшысы» болып өзгертілуі тиіс еді. Рүстем Нұрғалиұлы республиканың заңды орындайтынын айтты, бірақ оның пікірі ескерілмеді.

2022 жылдың 23 желтоқсанында Татарстан Мемлекеттік Кеңесі конституциялық түзетулерді қабылдады, оған сәйкес республиканың қазіргі басшысы «президент» атауын сақтайды, ал оның мұрагері 2025 жылы қызметке кіріскеннен кейін ол «Татарстан Республикасы Райысы» деп аталатын болады. 2023 жылдың 6 қаңтарында Рүстем Нұрғалиұлы осы мәселе бойынша заңға қол қойды. Алайда, 26 қаңтарда Мемлекеттік кеңес конституциялық түзетулер аясында өтпелі кезеңнен бас тарту туралы шешім қабылдады, ал Минниханов сол күні заңға қол қойды. Осылайша, заң ресми жарияланған соң 10 күннен кейін лауазым 2023 жылдың 6 ақпанынан бастап Райыс деп аталады. 2023 жылдың 4 ақпанында Рустам Минниханов «Татарстан Президентінің Аппаратын» 6 ақпаннан бастап «Татарстан Райысының әкімшілігі» деп атайтын заңға қол қойды.

Өкілеттігі