Римма Ғаниқызы Сейдахметова — филология ғылымының докторы (2010).
Өмірбаяны, еңбек жолы 1963 жылы 14 қыркүйекте Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылында туған.
ҚазМУ-ды (1985, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) бітірген. 1989-2011 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде (қазіргі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті) оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, 2011 жылдан Ұлттық аккредиттеу орталығының директоры қызметін атқарды. Қазіргі уақытта Қазақ ұлттық хореография академиясының өнертану және арт-менеджмент кафедрасында қызмет етеді.
Ғылыми бағыты, еңбектері Негізгі ғылыми бағыты – қазіргі орыс тілі мен когнитивтік лингвистиканың өзекті мәселелері. "Қазіргі орыс тілінің қоғамдық-саяси лексикасының когнитивті-прагматикалық негізі" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 9 оқулық пен оқу құралдарының авторы.
Марапаттары "Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері" (2009); Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы (2010).Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0. "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі"; Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің құрмет грамотасы (2023).СЕЙДАХМЕТОВА РИММА ҒАНИҚЫЗЫ.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері