Түктібаев каналы – Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы жасанды су арнасы. 1957 жылы салынған. Сырдария өзенінің сол жағалық аңғарында орналасқан.

Гидрологиялық сипаты Бастауын Басықара бөгенінен алады. Ұзындығы 88,7 км, су өткізгіштігі 100 м3/с, бойында 52 гидротехникалық құрылыстар бар. Канал 512-бекетке жеткенде Ішкі канал, Қараарық, 50 жылдық атындағы канал болып бөлінеді. Қараарықтың ұзындығы 42 км, су өткізгіштігі 10 м3/с, 1970 жылы салынған, суаратын егіс аумағы 3500 га. 50 жылдық атындағы каналдың ұзындығы 15 км, су өткізгіштігі 6 м3/с, суаратын егісі 4000 га, 1970 жылы салынған. Ішкі каналдың атауы бүкіл каналға ортақ атау ретінде алынды. Оның ұзындығы 17 км, су өткізгіштігі 11 м3/с, бойындағы гидротехникалық құрылыс саны 5, суаратын егіс аумағы 3800 га, 1971 жылы салынған.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Дереккөздер

Санат:Қызылорда облысы каналдары