Динар Рахманғазықызы Сиқымбаева — экономика ғылымының докторы (2006), профессор (2009).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1962 жылы 18 желтоқсанда Қарағанды қаласында туған.

Қарағанды мемлекеттік политехникалық институтын (1984, қазіргі Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті), Қарағанды экономика институтының докторантурасын (2005) бітірген. 1984-90 жылдары Қарағанды мемлекеттік политехникалық институтында, 1990-2003 жылдары Қарағанды мемлекеттік медцина академиясында, 2005-07 жылдары Қарағанды мемлекеттік политехникалық институтында, 2007 жылдан Қарағанды экономика институтында педагогикалық-ғылыми қызметпен айналысады.

Ғылыми бағыты, еңбектері Негізгі ғылыми бағыты – жер қойнауын пайдаланудағы табиғи рентабельді инновациялық процестердің дамуы, экологиялық мәселелер. "Система рентных платежей за недропользование в Республике Казахстан: теория, методология, механизм реализации" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 70-тен астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 монография, 3 оқулық, 3 электронды оқулықтың авторы.

Марапаттары Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы (2009);Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0. Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы (2015); Ғылым саласындағы үздік ғылыми жетістіктері үшін 2016 жылғы ғылыми стипендиат."Менеджмент және инновациялар" кафедрасы профессор-оқытушылары.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Экономика ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар