К. А. Бархатова атындағы астрономиялық обсерватория немесе Коуровка астрономиялық обсерваториясы — Ресейдегі Урал федералдық университетіне қарайтын обсерватория. Чусовая өзені бойында, Коуровка теміржол станциясына жақын орналасқан.

Астроном Клавдия Александровна Бархатованың есімімен аталды. Ол 1960–1986 жылдары университеттегі астрономия мен геодезия кафедрасының жетекшісі болған. нобай|Телескоп-робот МАСТЕР-II Негізгі құрылғылары Көпарналы фотометрі бар 700-мм айналы телескоп. Экваториалы бар 600-мм телескоп. ПЗС-камерасы бар 453-мм телескоп АЗТ-3. ПЗС-камерасы бар 500-мм телескоп СБГ. АСП-20 спектрографы бар 440-мм күндік телескоп АЦУ-5. 1,2-метрлік азимуталдық телескоп. 400-мм телескоп-робот «Мастер-II Урал».

Директорлары 1974—1982: Георгий Сергеевич Ромашин 1982—2016: Полина Евгеньевна Захарова 2016—қазір: Андрей Михайлович Соболев.

Тағы қараңыз Обсерваториялар тізімі (4964) Коуровка Дереккөздер

Санат:Ресейдің астрономиялық обсерваториялары Санат:Урал федералдық университеті Санат:Әлемдік мұра нысандары тізімі