1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл мерейтойлық медалі () — Ресей Федерациясы Президентінің 2004 жылғы 28 ақпандағы № 277 Жарлығымен Ресей Федерациясының мемлекеттік марапаты ретінде белгіленген Ресей Федерациясының мерейтойлық медалі.
2010 жылдың 7 қыркүйегінен бастап медаль Ресей Федерациясының мемлекеттік марапаты болып саналмайдыУказ Президента Российской Федерации от 7 сентября 2010 года № 1099 «О мерах по совершенствованию государственной наградной системы Российской Федерации» , п. 3..
Медал жайлы ереже «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапатталады: Ұлы Отан соғысы майдандарындағы ұрыс қимылдарына КСРО Қарулы Күштері қатарында қатысқан әскери қызметшілер мен өз еркімен жалданғандар құрамы тұлғалары, Ұлы Отан соғысы жылдарында КСРО-ның уақытша басып алынған аумақтарында әрекет еткен партизандар мен астыртын ұйымдардың мүшелері, әскери Ұлы Отан соғысы жылдарында КСРО Қарулы Күштерінде қызмет еткен әскери қызметшілер мен өз еркімен жалданғандар құрамы тұлғалары, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медалдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалінің куәлігі немесе соғысқа қатысушы куәлігі бар адамдар; Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жанқиярлық еңбегі үшін КСРО ордендерімен, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбектегі ерекшелігі үшін», «Ленинградты қорғағаны үшін», «Мәскеуді қорғағаны үшін», «Одессаны қорғағаны үшін», «Ақиарды қорғағаны үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін», «Киевті қорғағаны үшін», «Кавказды қорғағаны үшін», «Кеңестік Полюс шеңберін қорғағаны үшін» медалдарымен марапатталған тыл еңбеккерлері, сондай-ақ «Блокадалық Ленинград тұрғыны» белгісі бар немесе «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін» медалінің куәлігі бар тұлғалар; Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердің, геттолардың және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарының бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары. жау уақытша басып алған аудандарда жұмыс істеген уақытты қоспағанда, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі кезеңде кемінде алты ай жұмыс істеген азаматтар. КСРО Қарулы Күштерінің қатарындағы әскери ұлттық құрамаларда, партизан жасақтарында, астыртын топтарда және басқа да антифашистік құрамаларда шайқасқан, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске елеулі үлес қосқан және КСРО немесе Ресей Федерациясының мемлекеттік марапаттарымен марапатталған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына кірмейтін шетел азаматтары.
«1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл» мерейтойлық медалі кеуденің сол жағына, Жуков медалінен кейін тағылады.
Медалдің сипаттамасы «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығы» мерейтойлық медалі дөңгелек, диаметрі 32 мм, томпактан жасалған. Алдыңғы жағында, жоғарыда — Жеңіс орденінің бейнесі, төменгі жағында — 1945-2005 сандары жазылған. Артқы жағында, ортасында — 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл () деген жазу жазылған, айнала бойлай — лавр бұтақтары бар. Медаль шеттерi ернеумен жиектелген. Медалдағы барлық суреттер, жазулар және сандар бедерлі болып келеді.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы ені 24 мм болатын қызыл түсті жібек қатқыл таспамен тысталған бесбұрышты тағанға біріктіріледі. Таспаның шеттерінде — бес жолақ бар: үшеуі қара және екеуі тоқсары, әрқайсысының ені 1 мм. Шеткі қара жолақтар ені 0,5 мм тоқсары жолақтармен көмкерілген.
Фотосурет
Тағы қараңыз 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл медалі (Қазақстан)
Дереккөздер
Санат:Ресей медальдары