«Минотавр» () — 2026 жылы жарыққа шыққан, режиссер Андрей Звягинцевтің саяси триллер және драма жанрындағы көркем фильмі. Сценарийін Семен Ляшенко мен Андрей Звягинцев бірлесіп жазған. Түпнұсқа сюжеті Клод Шаброльдің 1969 жылғы «Опасыз әйел» («La Femme infidèle») атты француз фильміне негізделген. Ресей-Украина соғысы аясында өрбитін оқиғада, тағдыры талқандалған бизнес-менеджер Глеб (Дмитрий Мазуров) өзінің жары Галинаның (Ирис Лебедева) опасыздық жасағанын біліп қояды.
Фильмнің әлемдік премьерасы 2026 жылдың 19 мамырында Канн кинофестивалінің негізгі байқау бағдарламасында өтіп, Гран-при мен «Үздік саундтрек» номинациясын жеңіп алды. Кинотуынды сыншылардың жоғары бағасына ие болып, әсіресе оның режиссурасы, сценарийі мен актерлік құрамы ерекше мақтауға ілікті.
Фильм Франция кинотеатрларында 14 қазаннан бастап «Les Films du Losange» компаниясының дистрибьюторлығымен прокатқа шығады.
Сюжеті Оқиға 2022 жылғы Ресейдің шеткі аймағындағы шағын қалалардың бірінде өрбиді. Кәсіпорын жетекшісі Глеб өз қызметкерлерін жұмыстан шығарудың алдында тұрған сәтте, әйелінің көзіне шөп салып жүргенін біліп қояды.
Рөлдерде
Өндірісі «Минотавр» — Франция, Латвия және Германия елдерінің бірлескен туындысы. Фильмді «MK Production» («mk2 Films» компаниясының өндірістік бөлімі), Шарль Жилибердің «CG Cinéma» компаниясы және Андрей Звягинцев «Arte France Cinema» және «Leaf Entertainment» студияларымен бірлесе отырып шығарған. Сондай-ақ жобаға германиялық «Razor Film» және латвиялық «Forma Pro Films» компаниялары тең продюсер ретінде қатысты.
Коронавирус инфекциясымен (COVID-19) ұзақ күрескеннен кейін, Звягинцев 2022 жылы Мәскеуден Францияға қоныс аударды. Ол жерде режиссер ресейлік олигарх туралы «Юпитер» деп аталатын, бірақ кейін іске аспай қалған жобаның дайындық жұмыстарына (пре-продакшн) кіріскен болатын. Қаржыландырудың жоқтығынан бұл фильмнің өндірісі кейінге шегерілді. 2025 жылдың басында Звягинцевтің ресейлік ауқатты элита өкіліне арналған «Минотавр» атты жаңа сценарийі бойынша дайындық жұмыстары басталды.
Фильмнің негізгі түсірілім жұмыстары 2025 жылдың қыркүйек айында Рига қаласында (Латвия) басталып, сол жылдың қараша айының соңында аяқталды. Бұл жобада Звягинцев өзінің бұрыннан бірге жұмыс істеп келе жатқан тұрақты серіктестері — оператор Михаил Кричманмен, сондай-ақ қоюшы суретшілер Андрей Понкратов және Маша Славинамен қайта жұмыс істесті.
Сыншылардың пікірі «Rotten Tomatoes» рецензиялар агрегаторында фильм 27 киносыншының 96% оң бағасына ие болып, орташа рейтингі 10-нан 8.2 баллды құрады. Ал «Metacritic» платформасы 12 сыншының пікіріне сүйеніп, туындыға 100-ден 90 балл берді, бұл фильмнің «жаппай мойындалғанын» білдіреді.
«The Guardian» басылымының шолушысы Питер Брэдшоу туындыға ең жоғары бес жұлдызды баға беріп, оны «ғаламат туынды» деп сипаттады. Сыншы әсіресе Звягинцевтің режиссерлік шеберлігін жоғары бағалап, Мазуров пен Лебедеваның актерлік ойынын «үздік» деп атап өтті.
Марапаттары мен номинациялары Марапат Санат Номинант Нәтиже Канн кинофестивалі«Алтын пальма бұтағы»Андрей ЗвягинцевГран-приҮздік саундтрекЕвгений Гальперин және Саша Гальперин
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Андрей Звягинцев фильмдері Санат:Орыс тіліндегі фильмдер Санат:2026 жылғы Германия фильмдері Санат:2026 жылғы Франция фильмдері Санат:2026 жылғы Латвия фильмдері Санат:Ресей-Украина соғысы туралы фильмдер