Кристиан Мунджиу (; 27 сәуір 1968, Яссы, Румыния) — румыниялық кинорежиссёр, сценарийші әрі продюсер. «» бағытының көрнекті өкілі ретінде оның туындылары көбіне қазіргі Румыния қоғамы мен саясатын зерттеуге бағытталған.
Мунджиу «Алтын пальма бұтағын» иеленген «4 ай, 3 апта және 2 күн» (2007) және «Фьорд» (2026) фильмдерімен кеңінен танымал. Сондай-ақ ол өзінің «Төбелердің арғы жағында» (2012) және «Түлектер» (2016) туындылары үшін Канн халықаралық кинофестивалінде сәйкесінше «Үздік сценарий» және «Үздік режиссура» жүлделерін жеңіп алған.
Өмірбаяны Мунджиу Яссы қаласында дүниеге келген. Оның әпкесі — белгілі саясаттанушы . Ясса университетінде ағылшын әдебиеті мамандығы бойынша білім алғаннан кейін, ол бірнеше жыл бойы мұғалім және журналист болып жұмыс істеді.
Кейінірек кинорежиссураны меңгеру үшін Бухаресттегі И. Л. Караджале атындағы ұлттық театр және кино университетіне оқуға түсті. Оны 1998 жылы бітіріп шыққаннан кейін, Мунджиу бірнеше қысқа метражды фильмдер түсірді.
2002 жылы Кристиан Мунджиу «» атты туындысымен режиссерлік дебют жасады. Бұл фильм 55-ші Канн кинофестивалінің «Режиссерлердің екі апталығы» бағдарламасына таңдап алынып, киносыншылардың жоғары бағасын алды және бірнеше халықаралық кинофестивалде жүлдеге ие болды.
2007 жылы Мунджиу өзінің екінші толық метражды «» фильмінің сценарийін жазып, режиссерлік етті. Туындының тұсаукесері 60-шы Канн кинофестивалінің негізгі байқауында өтіп, зор табысқа кенелді және бас жүлде — «Алтын пальма бұтағын» жеңіп алды. Бұл марапаттың румыниялық киногерге тұңғыш рет берілуі еді. Сонымен қатар, фильм 80-ші «Оскар» марапатында «Үздік шет тіліндегі фильм» номинациясына Румыния атынан ұсынылды.
Оның 2012 жылғы «» драмасы 65-ші Канн кинофестивалінің негізгі байқауында көрсетілді. Осы фестивальде Мунджиу «Үздік сценарий» жүлдесін иеленсе, басты рөлдердегі қос актриса — Кристина Флутур мен Космина Стратан «Үздік актриса» марапатын өзара бөлісті. Фильм 85-ші «Оскар» жүлдесіне де Румыния атынан ұсынылып, желтоқсандағы қысқа тізімге (шорт-лист) енді. Ал 2013 жылдың мамырында Мунджиу 66-шы Канн кинофестивалінің басты қазылар алқасының мүшесі ретінде қызмет атқарды.
2016 жылы Мунджиу режиссер Наэ Каранфилдің «» фильміне продюсерлік етті. Сол жылы оның өзі режиссерлік еткен «» әлеуметтік драмасы 69-шы Канн кинофестивалінің ресми бағдарламасында таныстырылды. Мунджиу осы туындысы үшін «Үздік режиссура» жүлдесін «» фильмін түсірген француз режиссері Оливье Ассаяспен бөлісті. Осы табыстарынан кейін, 2016 жылдың маусымында ол Кинематографиялық өнер және ғылым академиясының мүшелігіне қабылданды.
2021 жылы Мунджиу 74-ші Канн кинофестивалінің «Сыншылар апталығы» бағдарламасының қазылар алқасына төрағалық етті. Ал 2022 жылы оның келесі толық метражды «» фильмі 75-ші Канн кинофестивалінің негезі байқауына таңдалды.
Режиссердің басты рөлдерді Себастьян Стэн мен Ренате Реинсве сомдаған 2026 жылғы «Фьорд» атты драмалық туындысы 79-шы Канн кинофестивалінде «Алтын пальма бұтағын» жеңіп алды. Осы жеңісінің арқасында Кристиан Мунджиу кино тарихында бұл бас марапатты екі рет иеленген оныншы режиссер атанды.
Шығармашылық стилі Мунджиу өзінің шығармашылығына зор ықпал еткен маңызды киногерлер ретінде Милош Форман мен Роберт Олтменді атайды. Сонымен қатар, ол басқа да әйгілі реалистік туындылармен қатар, «Велосипед ұрылары» фильмін ерекше құрметтейді.
Фильмографиясы Толық метражды фильмдері Жыл Қазақша атауы Түпнұсқалық атауы Ескертпелер 2002Occident 20074 luni, 3 săptămâni și 2 zile 2007 жылғы Канн кинофестиваліндегі «Алтын пальма бұтағы» 2009Amintiri din epoca de aur 2012După dealuri 2012 жылғы Канн кинофестиваліндегі «Үздік сценарий» 2016Bacalaureat 2016 жылғы Канн кинофестиваліндегі «Үздік режиссура» 2022R.M.N. 2026ФьордFjord 2026 жылғы Канн кинофестиваліндегі «Алтын пальма бұтағы»
Дереккөздер
Санат:Құрмет легионы орденінің иегерлері Санат:Алтын пальма бұтағы сыйлығының иегерлері (режиссёрлер)