Van Halen («Ван Хален», ХФӘ: ) — америкалық хард-рок тобы.
1972 жылы Калифорния штатының Пасадена қаласында ағайынды Эдвард пен Алекс Ван Хален «Mammoth» атауымен рок-тобын құрды. 1973 жылы оған вокалист Дэвид Ли Рот, ал 1974 жылы басист Майкл Энтони қосылды. Дәл сол 1974 жылы ұжым топтың атауын үйреншікті Van Halen деп өзгертті.
Топ тез арада танымалдылыққа ие болды және 1970 жылдардың аяғы мен 1980 жылдардың басында рок-музыка әлеміндегі ең табысты топтардың біріне айналды. Топ америкалық хит-парадтардың шыңына шыққан 4 альбом шығарды.
Ең сәтті альбомы — 1984. Басты сингл «Jump» халықаралық хитке айналып, америкалық Billboard Hot 100 хит-парадының шыңына жетті. Альбом АҚШ-та 12 миллионнан астам данамен сатылды. Америкалық дыбыс жазу компанияларының қауымдастығының (RIAA) мәліметі бойынша, Van Halen — Штаттарда 56 миллионнан астам альбом сатып, АҚШ тарихындағы ең көп сатылған 19-орындаушы болды.
Топ сонымен қатар әлем бойынша 80 миллион дана таспасы сатылған, тарихтағы ең өтімді музыкалық ұжымдардың бірі болып саналады.
2007 жылы Van Halen Рок-н-ролл даңқ залына енгізілді.
VH1 арнасы топты барлық уақыттағы ең үздік 100 хард-рок орындаушыларының тізімінде 7-орынға қойды.
Топтың тарихы Нидерландтан келген ағайынды Эдвард пен Алекс музыкалық отбасында өсті. Олардың анасы Эуджениа — Ява аралының (Индонезия) тумасы, ал әкесі Ян Ван Хален (Jan Van Halen) — Амстердамның тумасы, кәсіби саксофонист-музыкант. 1962 жылы Ван Хален отбасы АҚШ-тың Пасадена қаласына (Калифорния) қоныс аударды.
Балалар жас кезінен бастап, отбасындағы басқа мүшелер сияқты фортепиано класы бойынша музыкалық білім алды. Заманауи музыканы ойнау үшін басқа аспаптарды меңгеру барысында Алекс гитараны, ал Эдди екпінді аспаптарды (барабанды) үйрене бастады. Бір күні ағайындылар аспаптарын өзара алмастырды. Нәтижесінде Эдди виртуоз электрогитарист және гитара конструкторы ретінде, ал Алекс рок-барабаншы ретінде танымал болды.
1972 жылы ағайындылар «Mammoth» («Мамонт») атты өз рок-тобын құрды: Эдвард — гитара және жетекші вокал, Алекс — барабан, Марк Стоун (Mark Stone) — бас-гитара. Ол кезде жігіттердің жеке дыбыс күшейткіш аппаратурасы болмағандықтан, концерттер үшін олар микшерлік пультты, күшейткіштер мен колонкаларды жалға алуға әр кеш сайын 50 доллардан төлеуге мәжбүр болды. Аппаратура иесі жергілікті «The Red Ball Jets» тобының музыканттарының бірі еді. Эдди оны топқа негізгі вокалист ретінде шақыруды ұйғарды: біріншіден, бұл жалдау ақысын үнемдеуге көмектессе, екіншіден, оның өзі ән айтуды мүлдем жек көретін. Осылайша, 1973 жылы вокалист Дэвид Ли Рот топтың төртінші мүшесі атанды. Дэвидтің отбасы — ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан дәрігерлер: Дэвидтің екінші буындағы ата-бабалары, еврей ұлтынан шыққан дәрігерлер, Ресейден Индианаға қоныс аударған. Кейінірек, 1974 жылы топта тағы бір өзгеріс орын алып, Марк Стоунның орнына жаңа басист Майкл Энтони келді. Майклдың ата-анасы АҚШ-қа Польшадан қоныс аударған болатын.
Уақыт өте келе «Mammoth» деп аталатын ұжымның бұрыннан бар екені белгілі болып, топ өз атауын «Van Halen» деп өзгертті.
Кіss тобының музыканты Джин Симмонс продюсерлік еткен және құрамында «House Of Pain» пен «Runnin' with the Devil» әндері бар Zero деп аталатын топтың алғашқы демо жазусы толығымен сәтсіздікке ұшырады. Бір жылдан кейін, 1977 жылы музыканттарды өз қамқорлығына алған Warner Bros. компаниясының продюсері Тед Темплерман топпен жұмыс істей бастады.
Van Halen концерттік қойылымдар кезінде көрермендер мен топ мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сахнаның беріктігіне ерекше талаптар қойды. Ұйымдастырушылардың келісімшартты мұқият оқып шыққанын тексеру мақсатында топ өз райдерінің ортасына қоңыр түсті кәмпиттері алынып тасталған M&M's дражесін ұсыну туралы талапты қосып қоятын. Егер киім ауыстыратын бөлмеде бұл кәмпиттер мүлдем болмаса немесе олардың арасынан қоңыр түстілері табылып қалса, топ менеджері ұйымдастырушылардың талаптарға қаншалықты мұқият қарағанын бірден түсініп, сахнаның келісімшарт шарттарына сәйкестігін тексеруге кірісетін.
Құрамы Соңғы құрам Эдди Ван Хален — гитара (1972—2020; оның өлімі), бэк-вокал (1974—2020; оның өлімі), пернетақта (1979—1997); жетекші вокал (1972—1974, 1997) Алекс Ван Хален — соқпалы аспаптар, перкуссия (1972—2020); кейде бэк-вокал (1982—1983, 1990—1991) Дэвид Ли Рот — жетекші вокал, кейде акустикалық гитара және синтезатор (1974—1985, 1996, 2007—2020) Вольфганг Ван Хален — бас-гитара, бэк-вокал (2006—2020)
Бұрынғы қатысушылар Марк Стоун — бас-гитара, бэк-вокал (1972—1974; 2020 жылы қайтыс болды) Майкл Энтони — бас-гитара, бэк-вокал (1974—2006); кейде синтезатор (1980—1998) Сэмми Хагар — жетекші вокал, гитара (1985—1996, 2003—2005) Гари Чероне — жетекші вокал (1996—1999)
Уақыт шкаласы
Дискография thumb|220px|Эдди Ван Халеннің гитарасы, EMP мұражайы
Студиялық альбомдар Van Halen (1978) Van Halen II (1979) Women and Children First (1980) Fair Warning (1981) Diver Down (1982) 1984 (1984) 5150 (1986) OU812 (1988) For Unlawful Carnal Knowledge (1991) Balance (1995) Van Halen III (1998) A Different Kind of Truth (2012)
Концерттік турлар ҰзақтығыТурҚұрамыКонцерттерВокалБас-гитараГитараСоқпалы аспаптар Наурыз — Желтоқсан 1978 Van Halen World Tour Дэвид Ли Рот Майкл Энтони Эдди Ван Хален Алекс Ван Хален180 Наурыз—Қазан 1979 World Vacation Tour110 Наурыз—Қараша 1980 World Invasion Tour130 Мамыр—Қазан 1981 Fair Warning Tour86 Шілде 1982—Мамыр 1983 Hide Your Sheep Tour98 Қаңтар—Қыркүйек 1984 1984 Tour106 Наурыз—Қараша 1986 5150 Tour Сэмми Хагар112 Қыркүйек 1988—Ақпан 1989 OU812 Tour46 Тамыз 1991—Мамыр 1992 For Unlawful Carnal Knowledge Tour99 Сәуір—Тамыз 1993 Right Here Right Now Tour60 Наурыз—Қараша 1995 Balance Tour134 Наурыз—Қараша 1998 III Tour Гари Чероне85 Маусым—Қараша 2004 Summer Tour Сэмми Хагар80 Қыркүйек 2007—Шілде 2008 North American Tour Дэвид Ли Рот Вольфганг Ван Хален83 Қаңтар 2012—Шілде 2013 A Different Kind of Truth Tour60 Шілде—Қазан 2015 North American Tour44
Дереккөздер
Әдебиет
Сыртқы сілтемелер
Санат:Калифорнияның хард-рок топтары Санат:Калифорнияның музыкалық ұжымдары Санат:Рок-н-ролл даңқ залына енген орындаушылар Санат:1972 жылы құрылған музыкалық ұжымдар Санат:MTV Video Music Awards жеңімпаздары Санат:Грэмми сыйлығының иегерлері Санат:Музыкалық квартеттер Санат:Отбасылық музыкалық топтар Санат:АҚШ глэм-метал топтары Санат:Калифорнияның хеви-метал топтары Санат:2020 жылы тараған музыкалық топтар Санат:Дэвид Ли Рот