Новорыбинка — Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы ауыл, Новорыбин ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Ақкөл қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 км, Шортанкөл көлінің шығыс жақ жағасында орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен11111009 746 73,9 488 373 76,4 521 373 71,6

Тарихы Іргесін 1887 жылы Ресей мен Украинадан келген шаруалар қалаған. Тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты 1954 жылы құрылған “Новорыбинский” астық кеңшарының орталығы болды. 1996 жылдан Новорыбинкада құрамында сүт, шұжық, макарон өнімдерін шығаратын цехтары, диірмен мен наубайханасы бар ЖШС жұмыс істейді.

Дереккөздер

Санат:Ақкөл ауданы елді мекендері