Надежда Бейсенқызы Жиенбаева — педагогика ғылымының докторы (2008).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1959 жылы 3 шілдеде Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданында туған.

Мәскеу мемлекеттік университетін (1981), Жоғары құқық мектебін (2000), Мəскеу мемлекеттік университетінің докторантурасын (2005) бітірген. Мектепте мұғалім (1981-91), Алматы мемлекеттік университетінде доцент (1991-98, қазіргі Қазақ ұлттық педагогикалық университеті), деканның орынбасары (1998-2004), Психология институтында бас ғылыми қызметкер (2004-09), Қазақ еңбек жəне əлеуметтік қатынастар академиясының профессоры (2009-10), 2010 жылдан кафедра меңгерушісі.

Ғылыми бағыты, еңбектері "Развитие активности личности современного школьника в процессе формирования общения" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 100-ден астам ғылыми еңбектің авторы.

Марапаттары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы (2008); "Қазақстан Республикасы Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі" (2010).Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Жиенбаева Надежда Бисеновна.

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Педагогика ғылымдарының докторлары Санат:Мәскеу мемлекеттік университеті түлектері