Семен Михайлович Новиков (15 ақпан 1908, Александровск-Грушевский, Дон казак әскері облысы, Ресей империясы – 3 сәуір 1978, Киев, Украин КСР, КСРО) — кеңестік партия және мемлекет қайраткері. Қазақстан компартиясы Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы (1960–1963).

Өмірбаяны 1925–1930 жылдары БЛКЖО болыстық комитетінің хатшысы, содан соң Русско-Брод аудандық кеңесі атқару комитетінің хатшысы (Орел губерниясы), Русско-Брод аудандық кеңесі атқару комитетінің төрағасы (Елецк округі) болып жұмыс істеді. 1928 жылы БК(б)П қатарына қосылды.

1930–1931 жылдары ЖШҚӘ қатарында әскери борышын өтеді.

1931–1932 жылдары Ливны аудандық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы (Орталық Қара топырақты облыс) болып еңбек етті.

1932–1933 жылдары БК(б)П Ливны аудандық комитеті бөлімінің меңгерушісі, хатшысының орынбасары (Орталық Қара топырақты облыс) қызметін атқарды.

1933–1937 жылдары кеңшар саяси бөлімі басшысының көмекшісі болып істеді.

1937–1939 жылдары Чернигов облысындағы Украина К(б)П Холмы аудандық комитетінің 1-хатшысы болып күн көрді.

1939–1940 жылдары Чернигов облысындағы Украина К(б)П Ичня аудандық комитетінің 1-хатшысы болып еңбектенді.

1941 жылға дейін — Украина К(б)П Чернигов облыстық комитетінің кадрлар жөніндегі хатшысы лауазымында мехнат қылды.

1941 жылдан бастап — партизан құрамасының ІІХК Жеке бөлімі басшысы болып жұмыс істеді.

1941 жылдан бастап — Чернигов партизан құрамасы қолбасшысының барлау жөніндегі орынбасары болып еңбек етті.

1943 жылдың наурыз—қыркүйек айлары аралығында Н. Н. Попудренко атындағы Чернигов партизан құрамасының комиссары қызметін атқарды.

1943 жылға дейін — Украина К(б)П Чернигов астыртын облыстық комитетінің хатшысы болып істеді.

1943–1946 жылдары Украина К(б)П Чернигов облыстық комитетінің 3-хатшысы болып күн көрді.

1946–1949 жылдары БК(б)П ОК жанындағы Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы болды.

1949 жылдан бастап – 1952 жылдың мамырына Украина К(б)П Измаил облыстық комитетінің 2-хатшысы болып еңбектенді.

1952 жылдың мамырынан – 1954 жылдың ақпанына дейін Украина К(б)П – Украина КП Измаил облыстық комитетінің 1-хатшысы лауазымында мехнат қылды.

1952 жылдың 27 қыркүйегінен – 1956 жылдың 17 қаңтарына дейін Украина К(б)П – Украина КП ОК мүшесі болды.

1954 жылдың ақпанынан – 1955 жылдың сәуіріне дейін Украина КП Одесса облыстық комитетінің 2-хатшысы болып жұмыс істеді.

1955 жылдың сәуірінен – 1958 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан КП Семей облыстық комитетінің 1-хатшысы болып еңбек етті.

1958 жылдың қаңтарынан – 1960 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстан КП Ақмола облыстық комитетінің 1-хатшысы қызметін атқарды.

1960 жылдың желтоқсанынан – 1963 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан КП Көкшетау облыстық комитетінің 1-хатшысы болып істеді.

1963 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында Қазақстан КП Көкшетау ауылдық облыстық комитетінің 1-хатшысы болып күн көрді.

1963–1978 жылдары Украина КСР Министрлер Кеңесі Іс басқармасының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып еңбектенді.

1978 жылдың 3 сәуіріне дейін — Украина КСР Әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің I-бөлім басшысы болдыАшимбаев Д. Р. Кто есть кто в Казахстане. Биографическая энциклопедия. Алматы, 2008.

КСРО Жоғарғы Кеңесінің 4–6 шақырылымдары депутаты.

Дереккөздер

Сілтемелер Семен Новиков. 1898–1991 жж. Коммунистік партия және Кеңес Одағы тарихының анықтамалығы.

Санат:Одақ Кеңесінің 4-шақырылым депутаттары Санат:Ұлттар Кеңесі 5-шақырылымының депутаттары Санат:Ұлттар Кеңесі 6-шақырылымының депутаттары Санат:Одесса облысынан сайланған Одақ Кеңесінің депутаттары Санат:Қазақ КСР атынан сайланған Ұлттар Кеңесінің депутаттары Санат:Украина КП Измаил облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан КП Семей облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан КП Целиноград облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан КП Көкшетау облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Украина компартиясы аудандық комитеттерінің бірінші хатшылары Санат:КОКП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебі түлектері Санат:БЛКЖО функционерлері Санат:Украина КП Чернигов облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:РКФСР аудандық атқару комитеттерінің төрағалары Санат:Украина КП Одесса облыстық комитетінің екінші хатшылары Санат:Украина КП Измаил облыстық комитетінің екінші хатшылары Санат:КОКП XIX съезінің делегаттары Санат:КОКП XX съезінің делегаттары Санат:КОКП XXI съезінің делегаттары Санат:КОКП XXII съезінің делегаттары