Василий Федорович Корниенко (9.2.1925 жылы туған., Петропавл қаласы - 1994) – актер, Қазақстанның халық артисі (1970; 1971 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген артисі.).

Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1947 – 72 ж. Қазақстанның бірқатар облыстарында орыс драма театрларында (Семей, Өскемен, т.б.) қызмет етті. 1972 жылдан Қарағанды облысы орыс драма театрының актері. Орындаған таңдаулы рөлдері қатарында Белугин, Николай, Вожеватов, Несчастливцев, Бессудный (А.Н. Островский, “Белугиннің үйленуі”, “Кешіккен махаббат”, “Жасаусыз қалыңдық”, “Орман” және “Қарбалас орында”), Ақан (Ш. Мұртаза, “Қара маржан”), Қарабай (Ғ. Мүсірепов, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”), Ванюшин (С.А. Найденов, “Ванюшиннің балалары”), Егор Булычев (А.М. Горький, “Егор Булычев және басқалар”), Засыпкин (Д.Н. Мамин-Сибиряк, “Алтын шыңырау”), Бороздин (В.С. Розов, “Мәңгі тірілер”), Разметов (М.А. Шолохов, “Көтерілген тың”), т.б. бар. 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдермен марапатталған.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.”ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:9 ақпанда туғандар Санат:1925 жылы туғандар Санат:Петропавлда туғандар Санат:Қазақстан актерлері Санат:Қазақстан халық әртістері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Қарағанды облыстық орыс драма театры әртістері Санат:II дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері