Сейітқали Жақыпов (1 желтоқсан 1910, Жыланды ауылы, Лепсі уезі, Жетісу облысы, Ресей империясы — 21 сәуір 1994) — кеңестік шаруашылық, мемлекеттік және партия қайраткері.

Өмірбаяны 1932—1938 жылдары Алматы облысы Лепсі және Андреев аудандық жер бөлімдерінің аға жерге орналастырушысы болып еңбек етті.

1933 жылы Қазақ өлкелік жерге орналастыру техникумын бітірді.

1938—1942 жылдары Алматы облыстық жер органдары қызметкерлері кәсіподағы төрағасының орынбасары, төрағасы болып жұмыс істеді.

1942—1947 жылдары Қазақ КСР халық комиссарлары кеңесі Хатшылығында кеңесші, меңгеруші көмекшісі, содан соң Қазақ КСР Министрлер Кеңесі ауыл шаруашылығы тобының басшысы болып еңбектенді.

1947—1949 жылдары Талдықорған облыстық кеңесі атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

1952 жылдың шілдесінен — 1954 жылдың қаңтарына дейін Шығыс Қазақстан облыстық кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып күн көрді.

1954 жылдың қаңтарынан — 1954 жылдың тамызына дейін Қазақстан КП Алматы облыстық комитетінің 1-хатшысы болып істеді.

1954—1957 жылдары Қостанай облыстық кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары лауазымында мехнат қылды.

1957—1958 жылдары Қазақ КСР мемлекеттік бақылау министрінің орынбасары болып еңбек етті.

1958—1960 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы кеңестік бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

1960—1961 жылдары Қазақ КСР ауыл шаруашылығы министрінің 1-орынбасары болып еңбектенді.

1961—1966 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Орман шаруашылығы және орманды қорғау бас басқармасының басшысы қызметін атқарды.

1966—1970 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Орман шаруашылығы мемлекеттік комитетінің төрағасы болды.

1970 жылы зейнетке шықтыАшимбаев Д. Р. Кто есть кто в Казахстане. Биографическая энциклопедия. Алматы, 2008.

Дереккөздер

Сілтемелер Сейітқали Жақыпов. 1898–1991 жж. Коммунистік партия және Кеңес Одағы тарихының анықтамалығы.

Санат:Қазақстан КП Алматы облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Талдықорған облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 4-шақырылымының депутаттары Санат:Қостанай облыстық кеңесінің депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 2-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 7-шақырылымының депутаттары