Думан Марат (2002 жылғы 4 қараша, Тараз) — қазақстандық поп-әнші, ән авторы және композитор.

Өмірбаяны Думан Марат 2002 жылғы 4 қарашада Тараз қаласында дүниеге келген.

Музыкаға қызығушылығы бала кезінен басталды. Жеті жасынан бастап түрлі вокалдық байқауларға қатыса бастаған. 2015 жылы өткен «Bala Turkvizyon Kazakhstan» ұлттық іріктеуінің финалисті болды.

П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжін «Эстрадалық вокал» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Шығармашылығы Duman Marat кәсіби музыкалық мансабын 2020 жылы «Оп-оңай» атты дебюттік синглін шығарудан бастады.

2022 жылы жарық көрген «Жіберем қалай» ән орындаушының шығармашылығындағы танымалы болды.. Кейін «Өзгенің жанындасың», «Баяғыдай», «Миллион», «Әдет», «Тұмар» және басқа да әндерін жарыққа шығарды.

Орындаушылық қызметімен қатар, Duman Marat басқа қазақстандық орындаушыларға арналған әндердің авторы ретінде де белгілі.

Ән жазған орындаушылар қатарында: Alisher Konysbaev — «Tango», «4 маусым», «Түсінбеймін», «OMG», «Сені сүйіп»; Ali Otenov — «Сонда да жақсы көрем», «Алдамайсың» (xansamat-пен бірге).

2026 жылғы 2 мамырда Алматы қаласындағы Республика сарайында жеке концерт өткізетіні жарияланды....

Дискография Синглдері «Оп-оңай» (2020) «Qaitadan» (Dakentiy-пен бірге, 2021) «Aldamshy» (2021) «Nege munaidyn?» (2021) «Bakytty bol» (2021) «Кино» (2022) «Жіберем қалай» (2022) «Есіңе ал мені» (2022) «Jurek» (xansamat-пен бірге, 2022) «Salem» (2022) «Өзгенің жанындасың» (2022) «Бір, екі, үш» (2023) «Sagynam» (2023) «Сүйемін деші» (2023) «Жылу» (2024) «Кездестіргім келеді» (2024) «Nege kerek?» (Akimmmich-пен бірге, 2024) «Баяғыдай» (2024) «Мен болмасам кім?» (2024) «Асықпай» (2024) «Мен болуым керек (Acoustic Version)» (2024) «Бір кездесу» (2024) «Сағырып үлгердім» (2024) «Аруым» (2025) «Жоғалттым» (2025) «Әдет» (2025) «Jaraid» (2025) «Миллион» (2025) «Шынымды айтсам» (2025) «Нөмірімді де» (2025) «INTRO» (2025) «Ештеңе етпейді» (2026) «Тұмар» (2026) «Ұмыталмайм-ау» (2026) «Күрделім-ай» (2026)

Авторлық қызметі Duman Marat орындаушылық қызметімен қатар, ән авторы ретінде де белгілі. Ол қазақстандық орындаушыларға арналған бірнеше әннің сөзін және әуенін жазған.

Ән жазған орындаушылар: Alisher Konysbaev «Tango» «4 маусым» «Түсінбеймін» «OMG» «Сені сүйіп»

Ali Otenov «Сонда да жақсы көрем» «Алдамайсың» (xansamat-пен бірге)

Концерттері

Жеке концерттері 2026 — Duman Marat жеке концерті, Республика сарайы, Алматы.

Марапаттары мен жетістіктері 2015 жылы «Bala Turkvizyon Kazakhstan» ұлттық іріктеу кезеңінің финалистерінің бірі болды.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Duman Marat — Instagram Duman Marat — YouTube Duman Marat — TikTok Duman Marat — Apple Music Duman Marat — Spotify

Санат:Қазақстан композиторлары