Талғат Жақыпұлы Мазақов (1961 жылғы 29 наурыз, Самар, Көкпекті ауданы, Шығыс Қазақстан облысы) — қазақстандық ғалым, математик, физика-математика ғылымдарының докторы (2004), профессор (2006). Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі (2006), Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі (2005). Қолданбалы математика саласындағы ғылыми зерттеулерімен танымал.Шығыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2014.
Өмірбаяны мен білімі
Талғат Жақыпұлы Мазақов 1961 жылғы 29 наурызда Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданына қарасты Самар ауылында дүниеге келген.
1982 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) қолданбалы математика мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолы
1985–1988 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясының Математика және механика институтында ғылыми қызметкер болды.
1988–1997 жылдары С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) еңбек етті.
1997–2006 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүйесінде және ҚР ҰҚК Академиясында педагогикалық әрі ғылыми қызмет атқарды.
Ғылыми қызметі
Талғат Мазақовтың ғылыми зерттеу бағыты қолданбалы математика әдістері арқылы күрделі қолданбалы есептерді шешуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау және әзірлеумен байланысты.
Ол 70-тен астам ғылыми еңбек пен жарияланымның авторы.
Марапаттары
«Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі елеулі үлесі үшін» медалі (2006). «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі (2011).
Дереккөздер
Санат:1961 жылы туғандар Санат:Қазақстан математиктері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Қазақстан профессорлары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлектері Санат:Шығыс Қазақстан облысында туғандар