Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті — фармацевтика өнеркәсібі, дәрілік заттар айналысын бақылау салаларында басшылықты жасайтын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомствосы.
Тарихы 2001 жылы қайта ұйымдастырылған ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрамында Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетi болып құрылды. 2004 жылы ол Фармация комитеті, 2007 жылы Фармацевтикалық бақылау комитеті болып өзгертілді. 2009 жылы Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитеті Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті және Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті болып екіге бөлініп, Фармацевтикалық бақылау комитеті Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетіне қосылды. 2014 жылы екі комитет ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің құрамына енді. 2017 жылы қайта құрылған ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрамына еніп, Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті Фармация комитеті болып өзгертіліп, желтоқсан айында оған Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті қосылды. 2019 жылы Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті мен Фармация комитеті Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті болып бірікті. 2020 жылы аталған комитет Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті және Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті болып екіге бөлінді. 2026 жылы Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Медициналық бақылау комитеті және Фармация комитеті болып екіге бөлінді.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволарын қайта ұйымдастыру туралы
Міндеттері
Қарамағындағы мекемелер Облыстар және Алматы, Астана, Шымкент қалалары бойынша департаменттер «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
Дереккөздер
Ф