Ницца обсерваториясы () — Ницца порт-қаладағы Монгро төбесінің үстінде орналасқан астрономиялық обсерватория. Оның негізін банкир Рафаэль Бишофсхайм қалаған, сәулетшісі Шарль Гарнье болды, ал бас күмбезді Гюстав Эйфель жобалаған.

1886 жылы мұнда 77-сантиметрлік рефрактор істей бастады. Орнатылған кезінде ол Пулководағы рефрактордан (1885) асып түсіп, әлемнің ең үлкен телескобы болып танылды.The Observatory, "Large Telescopes", 248-бет Алайда 1889 жылы бұл көрсеткіш бойынша Калифорнияда салынған телескоп озып шықты. нобай|Grande Lunette телескобы

1986 жылы Ницца обсерваториясы ұжымдастыру мақсатымен Геодинамика және астрометрия саласындағы зерттеу орталығымен біріктірілді.

Белгілі қызметкерлері Анри-Жозеф Перротен — обсерваторияның тұңғыш директоры Огюст Шарлуа — астероидтар мен кометаларды ашқан Маргарита Ложье — бірнеше астероидты ашқан Жоанни-Филипп Лагруа — Кито, Алжир обсерваторияларының директоры болған Жан-Клод Пекер — осы обсерваторияның директоры болған астрофизик

Тағы қараңыз Обсерваториялар тізімі Дереккөздер

Санат:Францияның астрономиялық обсерваториялары Санат:Ницца ғимараттары мен құрылыстары