Әулие Көлшік ата қылуеті - 12 ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Қожа Ахмет Иасауи кесенесінен оңтүстікке таман 1 км жерде қаланың ортағасырлық бөлігінің сыртында, ашық жерде орналасқан. Сопылардың діни рәсімдер өткізуіне арналған діни құрылыстар қатарына кіреді. Қазақстанның оңтүстігіндегі территорияларда қылуеттер салу 9 ғасырға жатады. Әулие Көлшік ата қылуеті – жер астындағы екі бөлмелі, ұзынша келген (10 м-ге жуық) тар дәліздің аузынан салынған үңгір есігі бар құрылыс. Шаршы шикі кірпіштен қаланған. Түпкірдегі мекен-жай шаршы, көлемі 2 м-ге жуық және биікт. 1,6 м, төбесі шатырлы күмбезбен көмкерілген. Оған іргелес диам. 2,5 м және биікт. 2 м-дей дөңгелек пішінді үй күмбезделіп жабылған. Дәлізі иіріле келген, негізгі мекен жайлар күйдірген кірпіштен қаланған, арқалық күмбезбен көмкерілген. Төбенің орта деңгейінен құдық тәріздес, диаметрі 1 м-дей дәліздің бүкіл еніне жарық түсетін ойық жасалған. Қылуетке кіретін есік қирап қалғандықтан, баспалдақтың сатылары анықталмады. Бүкіл құрылыстың ішкі құрылымы сыланбаған. 1985 жылы ескерткіш қалпына келтірілді.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы
Сілтеме
Санат: Ескерткіштер Санат: Тарих