Украина Энергетика министрлігі () — Украинадағы энергетикаға жауапты үкімет органы, министрлік.
Министрлік Энергетика және электрификация министрлігі атауымен 1971 жылы құрылған болатын.
Міндеттері Отын-энергетикалық кешенін мемлекет атынан басқару; Отын-энергетикалық кешеніндегі мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету; Мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; Отын-энергетикалық ресурстар нарығын қалыптастыруға, реттеуге және жетілдіруге қатысу; Отын-энергетикалық кешеннің дамуын ынталандырудағы экономикалық мәселелерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Мамандану бағыттары Электр энергетикасы; Атом энергетикасы; Мұнай-газ өнеркәсібі; Көмір өндірісі.
Тарихы Бұрынғы атаулары: 1982–1997 Энергетика және электрификация министрлігі 1997–1999 Энергетика министрлігі 1999–2010 Отын және энергетика министрлігі 2010–2019 Энергетика және көмір өндірісі министрлігі 2019-2020 Энергетика және қоршаған ортаны қорғау министрлігі 2020– Энергетика министрлігі
Министрлік сонымен қатар жеке Көмір өнеркәсібі министрлігін де өз құрамына қосты. Көмір өнеркәсібі министрлігі бұрын 1954 жылдан 1999 жылға дейін жұмыс істеген және 2005–2010 жылдары қайта құрылған болатын.
Министрлікті, кейін белгілі болғандай, Гончарук үкіметі 2019 жылғы 29 тамызда Экология және табиғи ресурстар министрлігімен уақытша біріктірген болатын. Алайда кейінгі Шмыгаль үкіметі 2020 жылғы 27 мамырда Экология және табиғи ресурстар министрлігін қайта құрды.
Дереккөздер
Санат:Украина министрліктері
Санат:Энергетика министрліктері