«1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» мерейтойлық медалі — 1941—1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге орай Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 951 Жарлығы негізінде тағайындалған Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаты.

Медал жайлы ереже Медалмен осы адамдар марапатталды: Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда және мекемелерде қызмет атқарған әскери қызметкерлер, сондай-ақ бұрынғы КСРО-ны қорғау жөніндегі басқа да әскери операцияларға қатысқан әскери қызметкерлер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын ұйым мүшелері; Ұлы Отан соғысының майдандағы армиясы мен флотының әскери қызметкерлер, партизандары мен астыртын ұйым мүшелері, сондай-ақ тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілер — Ұлы Отан соғысы кезінде майданда, әскери іс-қимылдар ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерін, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтарды салу кезінде алған жарақат, жарымжандық, кесел немесе ауру салдарынан мүгедек болғандар және зейнетақымен қамсыздандырылуы бойынша әскери қызметкерлерге теңестірілгендер; бұрынғы КСРО-ны қорғау кезінде алған жарақат, жарымжандық, кесел салдарынан немесе майданда болуына байланысты аурудан мүгедек болған әскери қызметкерлер; бұрынғы КСРО-ның ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы жауынгер құрамынан майданда болуына байланысты жарақат, жарымжандық, кесел немесе ауру салдарынан мүгедек болған адамдар. 1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР және Эстония КСР аумағында әрекет еткен жойғыш батальондардың, взводтар мен халықты қорғау жасақтарының жауынгерлері мен қолбасшылық құрамының ішінен осы батальондарда, взводтарда және жасақтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған жарақат, жарымжандық немесе кесел салдарынан мүгедек болған адамдар; Ұлы Отан соғысы кезінде бұрынғы КСРО-ның ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының әскери қызметкерлері, сондай-ақ басшы және қатардағы жауынгер құрамының адамдары, қорғанысына қатысу 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыстағы армия бөлімдерінің әскери қызметкерлеріне белгіленген жеңілдікті шарттармен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өтіліне есептелген қалаларда қызмет атқарғандар; Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңес Әскерінің, Әскери-теңіз флотының, бұрынғы КСРО-ның ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының штаттық лауазымдарын атқарған, қолданыстағы армия мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде қызмет еткен немесе тиісті кезеңдерде қорғанысына қатысу 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыстағы армия бөлімдерінің әскери қызметкерлеріне белгіленген жеңілдікті шарттармен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өтіліне есептелген қалаларда болған жалдамалы құрамның адамдары; Ұлы Отан соғысы кезінде қолданыстағы армия мен флоттың құрамына кірген бөлімдерде, штабтарда және мекемелерде полктердің ұлдары (тәрбиеленушілері) және юнгалар ретінде болған адамдар. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шет мемлекеттер аумағында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы партизан жасақтарының, астыртын топтардың және басқа да антифашистік құрамалардың құрамында ұрыс қимылдарына қатысқан адамдар; бұрынғы КСРО-ның Байланыс халық комиссариатының, Теміржол көлігі халық комиссариатының арнайы құрамаларының қызметкерлері, балық аулау және көлік кемелерінің жүзу құрамының, авиацияның ұшу-көтеру құрамының, Балық өнеркәсібі халық комиссариатының, теңіз және өзен флотының, Солтүстік теңіз жолы бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының қызметкерлері, Ұлы Отан соғысы кезінде әскери қызметкерлер жағдайына ауыстырылып, қолданыстағы армия мен флоттың мүддесі үшін қолданыстағы майдандардың тыл шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегінде міндеттер атқарғандар, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының басында басқа мемлекеттердің порттарында интернацияланған көлік флоты кемелері экипаждарының мүшелері; Ленинград қаласын қоршау кезеңінде қаладағы кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған азаматтар; Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердің, геттолардың және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарының бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары; 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін жау уақытша басып алған аумақтарда жұмыс істеген кезеңді қоспағанда, кемінде алты ай жұмыс істеген адамдар.

Сипаттамасы «1941—1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» мерейтойлық медалі жезден жасалып, диаметрі 32 мм болатын шеңбер пішінге ие.

Медалдің алдыңғы жағында — I дәрежелі Даңқ орденінің бейнесі суреттелген, жұлдыздың төменгі сәулелерінің арасында «1945—2010» жылдары бейнеленген.

Медалдің артқы жағында, ортасында: «1941—1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» деген жазу жазылған. Медалдің шеттері ернеумен жиектелген. Медалдегі барлық бейнелер, жазулар мен сандар бедерлі етіп жасалған.

Медал құлақша мен шығыршық арқылы қызыл түсті жібек қатқыл таспасымен тысталған бесбұрышты тағанға жалғанады. Таспаның ені — 24 мм. Таспаның ортасында ені 2 мм-ден бес жолақ орналасқан: үш қара және екі қызғылт сары жолақ. Шеткі қара жолақтар ені 1 мм қызғылт сары жолақтармен жиектелген.

Медал киімге түйреуіш арқылы бекітіледі.

Медал Қазақстанның Өскемен қаласындағы Қазақстан теңге сарайында жасалған.

Суреттеме

Тағы қараңыз «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» мерейтойлық медалі (Ресей)

Санат:Қазақстан медалдары