Федор Степанович Степанов (1818–1880) — XIX ғасырда Семей қаласында өмір сүрген 2-гильдия көпесі, кәсіпкер және меценат. Алтын өндірумен айналысып, графит кеніштеріне, арақ зауыты мен шарап қоймасына иелік еткен. Қаладағы білім беру және қайырымдылық ісіне қаржылай қолдау көрсеткен.

Өмірі мен қызметі

Федор Степанов Степанович 1818 жылы дүниеге келген. XIX ғасырда Семей қаласының ірі кәсіпкерлерінің бірі болып, 2-гильдия көпесі дәрежесіне ие болды. Кәсіпкерлік қызметімен қатар алтын өндірумен айналысқан, графит кеніштерінің, арақ зауыты мен шарап қоймасының иесі болған.

Семейдегі қоғамдық өмірге де белсенді араласқан. Ол қаладағы приход училищесінің құрметті қамқоршысы қызметін атқарды. 1863–1872 жылдары училище ғимаратын салуға басқа көпестермен бірге қомақты қаржы бөлген. Осы еңбегі үшін 1870 жылы Станислав лентасындағы «За усердие» алтын медалімен марапатталған. Федор Степанов Степанович түрмелерді қамқорлау қоғамының жұмысына да қатысып, қайырымдылық қызмет атқарған. Осы еңбегі үшін 1874 жылы Аннин лентасындағы «За усердие» медалімен марапатталды.

1879 жылы Семейде алғашқы мейманхананы ашқан.

Федор Достоевскиймен байланысы

Федор Степанов Степанович Семейде айдауда болған жазушы Фёдор Михайлович Достоевскиймен жеке таныс болған. Достоевскийдің Семейдегі өмір сүрген кезеңінде қаладағы көпестер мен зиялы қауым өкілдерімен байланысы болған, олардың қатарында Федор Степанов та аталады.

Ғимараттары

1876–1879 жылдары Федор Степанов Степанович Семейде екі қабатты тас тұрғын үйлер салдырған. XX ғасырдың басында бұл ғимараттар Округтік соттың қарауына берілген.

Кейін аталған тарихи ғимаратта Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайы орналасқан. Ғимарат Семейдің тарихи сәулет ескерткіштерінің бірі ретінде сақталған.

Отбасы Федор Степанов Степановичтің асырап алған ұлы Михаил Федорович Степанов болған. Ол әкесінің кәсіпкерлік ісін жалғастырғанымен, оны тиімді жүргізе алмай, XIX ғасырдың соңында банкротқа ұшыраған.

Мұрасы Федор Степанов Степановичтің есімі Семейдің XIX ғасырдағы сауда-кәсіпкерлік және қайырымдылық тарихымен байланысты. Оның білім беру мекемелерін қолдауы, қоғамдық қайырымдылық жұмыстарына қатысуы және қалада ғимараттар салдыруы Семейдің әлеуметтік және сәулеттік дамуына үлес қосты.

Дереккөздер

Санат:Семей көпестері Санат:Кәсіпкерлер