Әліпбек Өсербаев 1961 жылы 20 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында (Қазіргі Түркістан облысы) дүниеге келген. Инженер-химик-технолог мамандығы бойынша жоғары білім алған. Еңбек жолын Қарағанды ​​асбест цемент зауытының машинисі болып бастады.

Әр жылдары цех бастығы, Түркістан қаласындағы құрылыс бөлшектері мен конструкциялары комбинатының бас инженері, "Қуат Суиндустрия" АҚ, "KazakhConstruction Industry" АҚ металл емес материалдар комбинаты филиалдарының директоры, Түркістан қаласы құрылыс бөлімінің меңгерушісі, Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму бөлімінің бастығы,Түркістан қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды. Ордабасы ауданын 2019 жылдың шілдесінен бастап басқарды.

Өмірбаяны

1986-1987 жылдары [Түркістан қаласы детальдары мен конструкциялары комбинаты зертханасының инженері.] 1987-1990 жылдары [Түркістан қаласы құрылыс детальдары мен конструкциялары комбинатының тегеурінді трубалар цехінің шебері.] 1990-1991 жылдары [Түркістан қаласы құрылыс детальдары мен констуркциялары комбинатының бетон араластыру цехінің бастығы.] 1996-1999 жылдары [Түркістан қаласы құрылыс детальдары мен конструкциялары мен комбинатының бас инженері.] 1999-2004 жылдары [«Қуат Суиндустрия » АҚ Түркістан қаласы рудасыз материалдар комбинаты филиалының директоры.] 2004-2005 жылдары [«Kazakh Construction» АҚ Түркістан қаласы рудасыз материалдар комбинаты филиалының директоры.] 2005-2006 жылдары [Түркістан қалалық мәслихаты хатшысының міндетін уақытша атқарушы.] 2007-2007 жылдары [Түркістан қаласы құрылыс бөлімінің меңгерушісі міндетін уақытша атқарушы.] 2007-2009 жылдары Түркістан қаласы құрылыс бөлімінің меңгерушісі. 2009 жылы [Кентау қаласы әкімінің орынбасары.] 2009-2012 жылдары [Түркістан қаласының әкімі, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары, ОҚО кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының индустриялды-инновациялық даму бөлімінің бас маманы.] 2013-2014 жылдары [ОҚО кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық басқарамасының басшысы.] 2014-2017 жылдары [Түркістан қаласының әкімі.] 2017-2018 жылдары [ОҚО әкімінің бірінші орынбасары.] 2018-2020 жылдары [Түркістан облысы облысы Ордабасы ауданының әкімі қатарлы жүгі ауыр, жауапкершілігі жоғары қызметтердің үдесінен шығып, жеңісті де жемісті еңбек етті.]

Жетістіктері #

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 қарашадағы Жарлығымен «Қазақстан Републикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл » мерекелік, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 20.04.2012 жылғы №170 бұйрығымен «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне 20 жыл» мерекелік медалі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2012 жылғы «Қазақстан полициясы 20 жыл» медалі, Қарулы Күштерінің ардагерлі РҚБ Орталық Кеңесі Президиумының шешімі сәйкес 26.09.2014 жылы «Армия генералы С.Қ. Нұрмағанбетов» медалі, Оңтүстік Қазақстан облысының 25.11.2014 жылғы №1-318-ө сәйкес «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 5 тамыздағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі, Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің 19.06.2017 жылғы №215 бұйрығына сәйкес «Қазақстан полициясына 25 жыл» медалі, Қазақстан Ішкі істер министрлігінің 13.07.2017 жылғы №216 бұйрығымен «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төс белгісі, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2017 жылы «Құрмет» ордені», Қазақстан мен Түркия елі арасындағы достық пен ынтымақтастықты дамытудағы ерекше қосқан үлесі үшін «Қазақстан Түркия достығын және ынтымақтастығын дамытқаны үшін» медалімен марапатталған.

Дереккөздер#

Түркістан қаласына жаңа әкім тағайындалды Түркістанның бұрынғы әкімі Әліпбек Өсербаев қайтыс болдыl Өсербаев Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербай Әліпбек Шәріпбекұлы-Анықтама/ Түркістанның бұрынғы әкімі Әліпбек Өсербаев