«Take On Me» — A-ha норвегиялық тобының 1984 жылы шыққан алғашқы синглі және 1985 жылғы бірінші альбомының бірінші композициясы.
Ән әлемдік хитке айналды, бұған ирланд режиссері Стив Бэррон түсірген инновациялық клиптің шығуы да әсер етті.
Бейнеклип Бейнеклип 1985 жылы Лондонның оңтүстігінде орналасқан кафеде және сахналық интерьерлерде түсірілді. Онда ротоскопинг әдісін қолдану арқылы әртістер мен олардың қарындашпен салынған суреттері бір сюжеттің ішінде көрсетіледі. Басты рөлдерде әнші Мортен Харкет пен ағылшын актрисасы Банти Бейли болды.
1986 жылы клип MTV Video Music Awards сыйлығының 8 номинациясына ілігіп, 6-нда жеңіске жетеді. Жеңістер: үздік жаңа орындаушы, үздік видео концепт, ең ұшқыр қиялмен жасалған видео, үздік режиссер, үздік арнайы әсерлер, көрермендер таңдауы. Номинациялар: Жылдың үздік видеосы, Топтың үздік видеосы.
2010 жылдың басында клип YouTube сайтына жүктелді. 2019 жылы ескі таспа 4K сапада жазылып, YouTube-тегі болған бетіне қайта жүктеледі. 2020 жылдың ақпанында бұл бетті қарау статистикасы 1 миллиардқа жетті.
2021 жылы Rolling Stone журналы өзінің 100 үздік бейнеклип тізімінде бұл әнді 14 орынға орналастырды.
2024 жылдың 20 қыркүйегінде YouTube-тегі жазбаны 2 миллиард көрермен тамашалады. Бұл 1980-ші жылдары жазылған бейнежазбалардың ішінде ондай жетістікке жеткен алғашқы видео болды.
Чарттар Чарт аты және еліПикАҚШ (Billboard Hot 100)1АҚШ (Billboard Adult Contemporary)4АҚШ (Billboard Dance Singles Sales)36Аустралия (Kent Music Report)1Аустрия (Ö3 Austria Top 40)1Бельгия (Ultratop 50 Flanders)1Батыс Германия (GfK)1Грекия (IFPI)1Дания (Tracklisten)2European Hot 100 Singles1Ирландия (IRMA)2Италия (Musica e dischi)1Канада (RPM)2Нидерланды (Single Top 100)1Норвегия (VG-lista)1Оңтүстік Африка (Springbok Radio)7Ұлыбритания (Official Charts)2Швеция (Sverigetopplistan)1Швейцария (Schweizer Hitparade)1
Мәдени ықпалы 1998 жылы Reel Big Fish америкалық тобы BASEketball фильмі үшін осы әннің каверін жасады.
2000 жылы A1 британ-норвегиялық тобы бұл әнге каверді екінші альбомдарына қосты.
2015 жылы норвегиялық әртіс Kygo осы әннің ремиксін шығарды.
2016 жылы әнге кавер Ла-Ла Ленд фильмінің саундтрегіне енді.
2017 жылы ән Жексұрын мен 3 мультфильмінде орындалады.
2020 жылы шыққан The Last of Us Part II видео-ойынында әннің акустикалық нұсқасы шырқалады. Ондай орындалу ойын бойынша түсірілген сериалда қайталанады.
Дереккөздер
Сілтемелер
Санат:Алфавит бойынша әндер Санат:A-ha әндері