Абаш Кәкенов – ақын, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері.
Өмірбаяны Абаш Кәкенов – 1956 жылы 28 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы Жаңа ауыл ауылында дүниеге келген.
1974 жылы орта мектепті аяқтап, сол мектепте еңбек жолын бастаған.
1981 жылы Қарағанды училищесінде «Киномеханик» мамандығында білім алады.
1982 жылы Тарбағатай ауданы, Жаңа ауыл ауылында Мәдениет үйінде киномеханик болып қызмет атқарған.
1988 жылдан импровизатор ақындық дарынымен танылып, айтыстарға қатыса бастайды.
Шығармашылық жолы Абаш Кәкенов – көрнекті ақын, термеші, халықаралық, республикалық, өңірлік, облыстық айтыстардың бірнеше мәрте жеңімпазы. «Музыка өнері» номинациясы бойынша Абай атындағы облыс әкімі сыйлығының және «Қазақстан Жастар одағы» сыйлығының лауреаты.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы.
Мақалалары Кәкенов А. "Америка арман ба еді?!" [Мәтін] : [Атланта сапарынан оралған ақын...әңгіме.Әңгімелескен У.Тоқпатаев] / Кәкенов А. // Дидар. - 1996. - 20 тамыз.- Б.4 Кәкенов, Абаш. Бір бойына сыйдырған сегіз өнер [Мәтін] / А. Кәкенов // Тарбағатай. - 2009. - 28 қараша.- Б.3. Кәкенов , Абаш. Жәкеңнің домбырасы киелі дүниеме айналды... [Мәтін] : [Айтыскер ақын Абаш Кәкенов туралы] / А. Кәкенов ; сұхбат. М. Иманғали // Дидар. - 2011. - 14 ақпан.- Б.5. Кәкенов А. Біз білмейтін Берия [Мәтін] / Кәкенов А. // Түркістан . - 2011. - 28 шілде (№ 30). – Б.10. Дереккөздер
Санат:Ақындар Санат:Қазақстан ақындары