Наиль Рафисович Ахметзакиров (30 мамыр 1983 жыл, Зырян қаласы, Шығыс Қазақстан облысы) — қазақстандық саясаткер және заңгер, 2023 жылдан бастап Сот әкімшілігінің басшысы.

Өмірбаяны Наиль Ахметзакиров 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысының Зырян қаласында дүниеге келген.

2004 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Заңтану» мамандығы бойынша, 2008 жылы Ресей Федерациясының қазіргі гуманитарлық академиясын «Бухгалтерлік есеп, талдау және аудит» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Зырян ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған. Жұмысын Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы басқармасының аға прокуроры, Бас прокуратураның С. Есқараев атындағы институты бөлімінің аға прокуроры болып жалғастырды.

Кейінгі жылдары Бас прокуратурада жұмыс істеп, Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаментінің қоғамдық бірлестіктер туралы заңдардың қолданылуын қадағалау бөлімінің аға прокуроры, бастығы, меншік және кәсіпкерлік туралы заңдардың қолданылуын қадағалау бөлімінің бастығы болды.

2015 жылы Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында ұйымдастыру-бақылау басқармасының бастығы болып, 2015–2017 жылдары академия проректорының, бірінші проректорының, 2017–2018 жылдары академия ректорының міндетін атқарды.

2018–2019 жылдары Президент Әкімшілігінде жұмыс істеп, Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

2019 жылы 21 мамырдан бастап Жоғарғы сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы болды.Наиль Ахметзакиров получил должность в Верховном суде

2023 жылғы 23 қаңтар күні Сот әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.Наиль Рафисович Ахметзакиров

Отбасы жағдайы Ахметзакиров үйленген, үш ұлы бар.

Дереккөздер

Санат:Қазақ гуманитарлық заң университеті түлектері