Серікбай Ыдырысұлы Өмірзақов (15 қазан 1956 жылы туған, Жалағаш кенті, Жалағаш ауданы, Қызылорда облысы, Қазақ КСР) — кеңестік және қазақстандық ғалым, техника ғылымдарының докторы (2010), Қазақ аграрлық ғылымдар академиясының академигі (2016), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің құрметті профессоры (2022). Сыр өңірінің су шаруашылығы, гидротехника және мелиорация саласының маманы, қоғам қайраткері.Сыр елі: Энциклопедия. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2024. – 520-б. ISBN 978-601-08-3980-9
Өмірбаяны 1963–1973 жылдары Жалағаш кентіндегі №123 және №202 орта мектептерінде білім алған. 1973–1974 жылдары еңбек жолын Жалағаш аудандық суландыру жүйесінде гидрометр болып бастаған. 1980 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын (қазіргі М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті) үздік дипломмен бітірген. 1984–1990 жылдары Мәскеу қаласындағы А. Н. Костяков атындағы Бүкілодақтық гидротехника және мелиорация ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасында оқып, В. П. Горячкин атындағы Ауыл шаруашылығы өндірісі инженерлері институтында кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген.
Еңбек жолы мен ғылыми-педагогикалық қызметі 1980–1984 жж. — Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде ассистент, оқытушы. 1990–1997 жж. — Аға оқытушы, доцент, «Орман мелиорациясы» кафедрасының меңгерушісі, проректор. 1998–2009 жж. — «Су шаруашылығы» кафедрасының меңгерушісі, Политехникалық факультет деканы. 2009–2018 жж. — «Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас директоры.https://kazniirice.kz/basshyly/# 2019 жылдан бастап — Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетанің «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» кафедрасының профессоры.https://korkyt.edu.kz/article/365
Қоғамдық қызметі 2015 жылдан бастап — «Сыр Мұрабы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қызылорда облыстық маслихатының депутаты, Арал-Сырдария бассейндік кеңесінің мүшесі.
Ғылыми еңбектері С.Ы. Өмірзақов — 170-тен астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде: 3 монография; 20-дан астам ұсыным мен патент; Бірнеше оқулықтар мен оқу құралдары.
Ғалымның жетекшілігімен 3 ғылым кандидаты даярланған.
Марапаттары мен атақтары Ордендері мен мемлекеттік марапаттары: Құрмет ордені (2016) «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (2016) «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалі (2021)
Салалық төсбелгілері: «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2007) «ҚР Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2024)https://kyzylorda-news.kz/kogam/sala-mamandaryna-khurmet-koersetildi-04-12-2024 ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі (10.04.2025 ж.)
Грамоталары: ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамотасы (2014, 2015) Қызылорда облысы әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыстары
Өңірлік марапаттары: Жалағаш ауданының Құрметті азаматы (2023) «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалі (2026)
Дереккөздер
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Техника ғылымдарының докторлары