thumb|200px|MPlayer — кроссплатформалық ойнатқыштың бір мысалы болып табылады. Медиаплеер (сонымен қатар мультимедиа ойнатқышы) — мультимедиалық мазмұндағы дарды ойнатуға арналған компьютерлік бағдарлама.Бұл термин әдетте компьютерлік бағдарламалық жасақтамаға қатысты айтылғанымен, ол сондай-ақ медиаақпаратты ойнатуға арналған электрондық құрылғыны сипаттау үшін де қолданылады (қараңыз: Плеер).

Медиаплеерлердің бір түрі тек аудио- немесе тек бейнефайлдарды ойнатуға арналған, олар сәйкесінше — аудиоплеер мен видеоплеер деп аталады. Негізінен барлық видеоплеерлер бірнеше түрге бөлінеді: қарапайым (қуаты әлсіз ДК-де жұмыс істеуге арналған), әмбебап және мамандандырылған (бірегей міндеттерді шешуге арналған ерекше әрі кәсіби бағдарламалар). Аудиоплеерлер де шамамен осы принцип бойынша бөлінеді. Мұндай ойнатқыштарды әзірлеушілер оларды тиісті форматтарды ойнату үшін мүмкіндігінше ыңғайлы етуге тырысады.

Медиаплеер бағдарламаларының тағы бір түрі аудионы да, бейнені де (соның ішінде көптеген медиаконтейнерлерді) қолдайды және олар мультимедиа-орталықтар деп аталады.

Қазіргі заманғы операциялық жүйелердің көпшілігінің құрамында әдепкі бойынша медиаплеерлер болады: мысалы, Windows — Windows Media Player, Mac OS X — QuickTime Player (бейнені QuickTime форматында ойнату үшін) және iTunes (кейбір басқа форматтар үшін), ал Linux — Amarok, Rhythmbox немесе басқалары (дистрибутивке байланысты).

Медиаплеерлер Smart TV теледидарларында және цифрлық теледидар ресиверінде де бар.

Дереккөздер

Санат:Қолданбалы бағдарламалық жасақтама