нобай|358x358 нүкте|Батпенова Радина Амандыковна Радина Амандыққызы Батпенова (1986 жыл) — қазақстандық кескіндемеші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі (2011).Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі https://nevzorovcollection.kz/bajlanys
Өмірбаяны Ақтөбе қаласында дүниеге келген.
Білімі
2003 жылы Ақтөбе қаласындағы көркемсурет лицейін бітірген. 2007 жылы Т. К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын (Алматы) аяқтаған. 2010 жылы Т. К. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА магистратурасын тәмамдаған.
Еңбек жолы
Ә. Кастеев атындағы Бейнелеу өнері және техникалық дизайн мектебінде (Алматы, 2007–2012); Алматы технологиялық университетінің «Дизайн» кафедрасында (2013); «Менің қуанышым» балаларды дамыту орталығында (Алматы, 2013 жылдан бастап) оқытушы болып жұмыс істеді.
2011 жылдан бастап Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. «Достастық» халықаралық шығармашылық бірлестігінің Қазақстан каналының мүшесі.
Марапаттары мен жетістіктері
«Шабыт» халықаралық шығармашылық жастар фестивалінің дипломанты (Астана, 2006, 2008); Дельфий ойындарының дипломанты (Алматы, 2007, II орын).
Көрмелері 2006 жылдан бастап қалалық және республикалық көрмелерге қатысады. Олардың қатарында:
«Жас өнер» жас суретшілер мен мүсіншілердің көрмесі (Алматы, 2010); «Көпқырлы Еуразия» көрмесі («ОЮ» галереясында, Алматы, 2010); І жылжымалы жас суретшілер көрмесі «Арт-САПАР» (Павлодар – Семей – Ақтөбе – Атырау – Қарағанды – Теміртау, 2013–2015).
Жеке көрмелері:
«Ізденісте» (Ақтөбе, 2007); «1460 күн» (ҚР Тұңғыш Президенті Қорының галереясында, Алматы, 2011).
Музей жинақтарындағы туындылары Суретшінің туындылары Қазақстанның музейлерінде және жеке қорларында сақтаулы.
Суретші туындылары ортаға|нобай|399x399 нүкте|I Love tea Фотосуреттер Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде түсірілген.
Дереккөздер