Генерал-майор — әдетте генерал-лейтенант пен полковник арасындағы әскери шен, жоғарғы (басқарушы) офицерлер құрамының ең төменгі атағы. Кейде генерал-майор дивизияға жауапты болып тағайындалады да, дивизионер делінеді.

Бригадалар тобының дивизия делінгендігінен генерал-майор кейде бригадалар генералы делінеді.

Қазақстан

Генерал-майор сөзі қазақ тіліне орыс тілінен келген. Орыс тіліне генерал-майор () сөзі неміс тілінің Generalmajor әскери атағынан бастау алған.

Генерал-майор атағының қазақстандық нұсқасы өзінің ресейлік аналогына өте ұқсас: екеуі де генерал-лейтенанттан төмен, полковниктен жоғары. Қазақстанда генерал-майор шені армияның екі түрінде ғана бар: Құрлық күштері мен Әуе қорғаныс күштері. Қазақстан Әскери-теңіз күштеріндегі генерал-майордың эквавиленті — контр-адмирал.

Қазақстандық генерал-майорлар қатарында Қорғаныс министрлері Айдос Мырзахметов пен Сәкен Жасұзақов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаев, министрлер Шыңғыс Әрінов пен Юрий Ильин бар.

Ресей нобай|солға|Ресей Әуе-ғарыш күштерінің генерал-майоры А.Я. Кобанның марапат бергені, 2018 жыл

Қазақстандағыдай, Ресейдің генерал-майоры атағы бойынша генерал-лейтенанттан төмен, полковниктен жоғары орналасқан. Иық белгісінде Ресей генерал-майоры екі жұлдызбен белгіленеді. Бұл атақ Ресейде Ресей империясы заманынан бері бар. Ол Кеңес Одағы кезіндегі Ресейде де болған.

Ресейдің белгілі генерал-майорлары қатарында Александр Руцкой мен Андрей Суховецкий бар.

Дереккөздер

*