Еуропалық кино сыйлығы (немесе Еуропалық киноакадемия сыйлығы) — еуропалық киноиндустриядағы айрықша жетістіктерді мойындау үшін 1988 жылдан бері жыл сайын Еуропалық киноакадемиямен табысталатын марапат. Сыйлық 19 номинация бойынша беріледі, олардың ішіндегі ең маңыздысы — «Үздік фильм». Бұл марапаттар тек еуропалық киноға, сондай-ақ еуропалық продюсерлерге, режиссерлер мен актерлерге ғана шектелген. 1997 жылға дейін бұл сыйлық ресми түрде «Феликс сыйлығы» деп те аталды, бұл бұрынғы жүлденің әйел мүсіншесімен алмастырылған бастапқы мүсінінің атауына қатысты болатын. Құрылтайшылардың ойы бойынша, ол Біріккен Еуропаның басты кинематографиялық сыйлығы ретінде «Оскарға» қарсы қойылды және кейде «Еуропалық Оскар» деп те аталады.
1997 жылдан бері Еуропалық кино сыйлығы желтоқсан айының басы мен ортасында өткізіліп келеді. Іс-шараны қабылдау құқығы тақ жылдары Германияның Берлин қаласы мен жұп жылдары Еуропаның басқа қалалары арасында кезектесіп отырады.
Ресейдің Украинаға 2022 жылғы басып кіруіне байланысты ресейлік фильмдер 2022 жылғы Еуропалық кино сыйлығына қатысудан шеттетілді.
Дереккөздер
Санат:Еуропалық кино сыйлығы