Башқұрт-орыс қостілділігі () — Ресейдегі және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) бірқатар елдеріндегі башқұрттар арасында кең таралған құбылыс. Бұл башқұрттар мен орыс халықтарының тарихи тұрғыдан көршілес өмір сүруімен байланысты.
Тарихы Ресей Федерациясында орыс тілі ресми тіл ретінде қолданылады. Көпұлтты елде ол әртүрлі ұлт өкілдерінің өзара қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді. Ал башқұрт тілі Башқұртстан Республикасының атауын берген халықтың тілі болып саналады. Көптеген салада орыс және башқұрт тілдерін қатар білу қажет.
Тарихи жағдайларға байланысты башқұрттар арасында орыс және башқұрт тілдерін қатар меңгеру кең таралғанымен, бұл құбылыс екі халыққа бірдей тән емес. Республикадағы орыстілді тұрғындардың башқұрт тілін білу деңгейі төмен, өйткені олардың алған білімі күнделікті қарым-қатынаста жеткілікті дәрежеде қолданылмайды.
Ауылда тұратын башқұрттардың шамамен 92 % башқұрт тілін жақсы біледі. Қалада тұратындар арасында бұл көрсеткіш 74 % құрайды. Қаладағы башқұрттардың 50 %, ал ауыл тұрғындарының 24 % орыс және башқұрт тілдерін бірдей жақсы меңгерген. Сонымен қатар қаладағы башқұрттардың 32 %, ауылдағы башқұрттардың 6,4 % орыс тілін башқұрт тіліне қарағанда жақсы біледі.
Башқұртстанда орыс, башқұрт және татар тілдерін, сондай-ақ бұлардан басқа тілдерді меңгерген адамдар да бар. Башқұрт тілі әртүрлі ұлт өкілдерінің өзара қарым-қатынас жасауында қосымша тіл ретінде қолданылады.
Башқұрт-орыс интерференциясы Башқұрт және орыс тілдерін қатар меңгерген адамдардың сөйлеуінде тілдік интерференция құбылысы байқалады. Интерференция дегеніміз — адамның бірнеше тілді білуіне байланысты ана тілінің қалыпты қолданысынан ауытқулардың пайда болуы. Мұндай ауытқулар екі тілде сөйлейтін адамдардың сөз қолданысына басқа тілдің әсер етуінен туындайды.
Тілдік интерференция тілдің фонетикалық, грамматикалық және лексикалық деңгейлерінде көрініс табады. Башқұрт және орыс балалары бірге оқыған кезде де осындай тілдік ерекшеліктер мен қиындықтар туындауы мүмкін.
Интерференция көбіне айтылуы ұқсас сөздерде байқалады. Мысалы: ак[ы]т — акт, апт[и]ка — аптека, ба[ту]н — батон, би[ту]н — бидон, гал[уш] — галоши, к[әнушнә] — конюшня, к[әритә] — корыто, [малатук] — молоток және т.б.
Сөйлемдердегі тілдік интерференция құбылысы осындай: «Мин пошел. Можно мы я книгу возьму?» және «Ты будешь достать банку варенья из подпола. Мин буду написать сочинение о весне» деген мысалдардан көрінеді.
Тілдік интерференция мынадай жағдайларда да байқалады: Сөз ортасында қатар келген дауыссыз дыбыстардың арасына артық дауысты дыбыстың қосылуы: проспек[ы]т — проспект, ак[ы]т — акт. Екі тілде сөйлейтін адамдардың сөз басында қатар келген дауыссыз дыбыстардың арасына артық дауысты дыбыс қосып айтуы. Башқұрт тілінің фонетикалық заңдылықтарын орыс тіліне көшіру, соның салдарынан дыбыстардың өзгеріп айтылуы. Башқұрт тілінің грамматикалық құрылымына тән үлгілерді орыс тіліне көшіру. Мысалы: «Мальчик собаку учит» («Бала итті үйретіп жатыр»).
Тілдік интерференцияға байланысты қиындықтарды жою үшін мектептерде тілдерді тереңдетіп оқыту, сөздік қорды жүйелі түрде дамыту, көркем әдебиетті дауыстап оқу, сондай-ақ ауызша және жазбаша сөйлеуді бақылап, талдау жұмыстары жүргізіледі.
Тағы қараңыз Қазақ-орыс қостілділігі Татар-орыс қостілділігі Әдебиет Юлдашев Ю. Х. Национально-русское двуязычие в Республике Башкортостан в современных условиях. Үфі, 2007. О двуязычии в Башкирской ССР // Проблемы духовной культуры тюркских народов СССР. Үфі, 1991. Этноязыковая ситуация в Ленинском районе г. Уфы (социолингвистический аспект) Л Проблемы духовной культуры тюркских народов СССР. Үфі, 1991. О некоторых особенностях двуязычия // Наука Урала. Свердловск, 1991.№ 16. Проблемы двуязычия в городе // Вопросы этнографии городского населения Башкортостана. Үфі, 1992.
Сілтеме
Санат:Башқұрт тілі Санат:Әлеуметтік лингвистика Санат:Қолданбалы лингвистика Санат:Ресей тілдері