Дастан Мұхамедрахым (1998, Абай облысы, Ақсуат ауданы, Қызылкесік ауылы (бұрынғы Шығыс Қазақстан облысы), Тарбағатай ауданы) — қазақстандық тревел-блогер, видеограф және контент авторы. Ол Қазақстан табиғатын дронмен түсірілген бейнероликтер арқылы таныстырады.
2026 жылы WIBA Awards (World Influencers and Bloggers Awards) халықаралық сыйлығында «Әлемнің үздік тревел-блогері» атанды. Бұл марапатты алған алғашқы қазақстандық.
Өмірбаяны Дастан Мұхамедрахым Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданындағы Қызылтесік ауылында туып-өскен (қазіргі Абай облысы Ақсуат ауданына қарасты Қызылкесік ауылы). Алтыншы сыныптан бастап Семей қаласындағы Білім-инновация лицейінде (БИЛ) оқиды. Кейін Қазақ гуманитарлы-заң инновациялық университетін аяқтайды. Лицейде тәрбиесі ал кейін сол лицейде екі жылдай қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берген.
Мұғалім болып жүргенде мектеп директоры оған мектептің әлеуметтік желідегі жұмысын (SMM) жүргізуді ұсынып, камера алып берген. Видеоға қызығушылығы осыдан басталған.
2019 жылы ол Астанаға Білім-инновация халықаралық қорына видеограф болып жұмысқа шақырылып, мұғалімдікті тастады. Жаңа жұмысында алғашқы дронын алды. Ол кезде әлеуметтік желіде дронмен түсірілген видео сирек болатын, сондықтан Дастан бұл бағытты алғашқылардың бірі болып бастады. Түнгі Астананы гиперлапс форматында түсірген видеолары көпшіліктің назарын аударды. Гиперлапс — қозғалыс үстінде түсіріліп, жылдамдатылған видео түрі.
Блогердің айтуынша, ол барлық дағдыны YouTube-тағы оқу видеоларынан өзі үйренген. Алғашқы миллион қаралымды шамамен 2022 жылы жинаған. Кейін оны басқа өңірлерге де жұмысқа шақыра бастады.
Жұмыс барысымен іссапарларға барып жүрген кезде түсірген видеосы 2023 жылы инстраграмда 10 миллион қаралым жинайды. Содан бастап Қазақстанның барлық табиғатын түсіруге ниет етеді.
Халықаралық жобалар Танымалдығы артқан соң шетелден ұсыныстар келе бастады. Turkish Airlines өкілдері Қазақстан бағытын дамыту үшін онымен өздері байланысқа шықты. Нью-Йоркке сапары кезінде Instagram оның видеоларын ресми парақшасында жариялауды ұсынды.
Түркияда жүргенде ол аспаз Бурактың мейрамханасына барып, кейін оған желі арқылы бірлескен түсірілім ұсынған, аспаз бұған келіскен. Дастан Дубайдағы Rixos қонақүй желісімен келісімшарт бойынша жұмыс істеген. Сондай-ақ ол Қайрат Нұртаспен бірге видео түсірген. 2026 жылы халықаралық контент авторлары Joe Hattab және MegaAmerican-мен бірге Қазақстанның көрікті жерлерін аралап, түсірілім жасады.
Дастан Мұхамедрахымның видеоларында Қазақстанның табиғаты көп түрлі екені көрсетіледі: таулар, дала, шөл, тұзды көлдер және каньондар. Ол таныс жерлерді ерекше ракурстан, жаңа визуалдық шешімдермен көрсетуге тырысады. Оның видеоларын әлемдегі танымал парақшалар қайта жариялайды.
2025 жылдың қараша айында Инстаграмның ресми парақшасы (700 миллион оқырманы бар) Дастанның видеосын жариялады. Видео 114 миллион қаралым, 267 мың коментарий жинады.
Кейін Дастанлы әлемдік блогерлер шарасы 1 Billion Followers Summit шақыртты. Бұл жиынды танымал блогер Джимми Дональдсон (MrBeast) ұйымдастырды.
Әлемге танымал деректі фильм түсіруші Джо Хаттабтың Қазақстанға арналған жаңа фильмін таныстырды. Джо Хаттаб пен Дастан Мұхамедрахымның Қазақстан бойынша сапарына Instagram желісінде MegaAmerican атымен танымал тағы бір тревел-блогер де қатысты.
2025–2026 жылдардағы жобалары 2025 жылғы қарашада Instagram-ның ресми парақшасы оның видеосын жариялап, оған жазылды. Видео 11 сағатта 630 мыңнан астам «ұнату» жинады. 2026 жылғы шілдедегі дерек бойынша, Instagram парақшасы оған жазылуды тоқтатқан. Соңғы үш жылда оның Instagram-дағы видеолары жалпы 3,5 миллиардтан астам қаралым жинады. Ол алты адамнан тұратын командамен жұмыс істейді, туризм саласында жоба жүргізіп, бастаушы мобилографтарға курстар ашты. «Бұл [басқа ел] емес, бұл — Қазақстан» форматындағы видеолар трендін бастады, кейін бұл форматты басқа елдердің блогерлері де қолдана бастады.
2026 жылғы қаңтарда Дубайда өткен 1 Billion Followers Summit блогерлер саммитінде тревел-блогерлер сессиясында сөз сөйледі. Сол шарада актер Уилл Смитке қазақ шапанын кигізді. 2026 жылғы наурызда Sony Pictures және Marvel компанияларының «Өрмекші адам: Жаңа күн» фильмін жарнамалау науқанына қатысты. Актер Том Холланд бейнеүндеуінде оған есімімен алғыс айтты. 2026 жылғы наурызда Абай облысының әкімі Берік Уәли онымен кездесіп, өңірдің туристік имиджін қалыптастырудағы еңбегі үшін алғыс айтты. 2026 жылғы сәуірде Астанадағы Креативті индустриялар қорында өз блогын Қасым-Жомарт Тоқаевқа таныстырды. 2026 жылғы мамырда Каннда WIBA Awards рәсімінде футболшы Поль Погбамен кездесіп, оған шапан мен тақия сыйлады. Сол айда «Ордабасы» футбол клубына жарнамалық видео түсірді. 2026 жылғы маусымда Бостонда өткен әлем чемпионатының Франция — Норвегия матчында стример IShowSpeed-ке Қазақстан табиғаты туралы видеоларын көрсетті. 2026 жылғы шілдеде футболшы Дастан Сәтпаевпен бірге Халықаралық еріктілер жылының әлемдік амбассадоры атанды. 2026 жылғы 9 тамызда Президенттің атқорасындағы ахалтеке тұқымды Ақжан атты бейнеге алғаш түсірген видеосын жариялады, ол 500 мыңнан астам қаралым жинады. 2026 жылғы қазанда Coca-Cola компаниясының шақыруымен Мадридте жаттықтырушы Жозе Моуриньомен кездесіп, оған шапан сыйлады.
Марапаттары 2026 жылғы 22 мамыр: Франциядағы Канн қаласында өткен WIBA Awards 2026 сыйлығында «Әлемнің үздік тревел-блогері» атанды. Бұл сыйлық блогерлер арасындағы «Оскар» деп аталады. Сол жылы марапат алғандардың арасында Хаби Лейм де болды. Forbes Kazakhstan басылымының "30-ға дейінгі 30" тізіміне кірді. Forbes Kazakhstan журналының 2026 жылғы маусымдағы нөмірінің мұқабасына шықты. 2026 жылғы шілде: Халықаралық еріктілер жылының әлемдік амбассадоры.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан тревел блогерлері