Госпел ( — евангелиелік музыка) — XIX ғасырдың соңында пайда болып, ХХ ғасырдың бірінші ширегінде АҚШ-та дамыған христиан музыкасының дәстүрлі жанры. Ол басым вокалмен (жиі күшті гармониялармен) және христиандық ілімдер мен құндылықтарды көрсететін мәтіндермен ерекшеленеді. Госпел музыкасын жасау, орындау, оның маңызы және тіпті анықтамасы мәдениет пен әлеуметтік ортаға байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Госпел музыкасы эстетикалық ләззат алу, діни немесе салт-жоралар мақсатында, сондай-ақ нарыққа арналған ойын-сауық өнімі ретінде жазылып, орындалады. Госпел музыкасының бастауын XVII ғасырдың басынан көруге болады. Әдетте афроамерикалық («қара нәсілді») госпел және еуроамерикалық («ақ нәсілді») госпел болып ажыратылады. Екеуінің де ортақ тұсы — Америкалық Оңтүстіктің методисттік шіркеулері ортасында дүниеге келгені.

Гимндер мен қасиетті әндер көбінесе афроамерикалық музыкадағы сұрақ-жауап (call-and-response) үлгісінде орындалатын. Шіркеулердің көбі ырғақты сүйемелдеу ретінде қол соғу мен аяқпен тарсылдатуды пайдаланды. Әндердің көп бөлігі сүйемелдеусіз (А капелла) орындалды.Jackson, Joyce Marie. "The changing nature of gospel music: A southern case study." African American Review 29.2 (1995): 185. Academic Search Premier. EBSCO. Web. October 5, 2010. «Госпел әні» (gospel song) термині алғаш рет 1874 жылы басылымда қолданылды.

Дереккөздер

Санат:Госпел Санат:Афроамерикалық музыка Санат:Христиан музыкасы