Сербия премьер-министрі (), ресми атауы — Сербия Республикасы Үкіметінің президенті () — Сербияның үкімет басшысы. Премьер-министрдің міндеті — Сербия үкіметінің жұмысын басқару және Халықтық скупщинаға Үкіметтің бағдарламасын, оның ішінде ұсынылған министрлердің тізімін ұсыну. Премьер-министрдің отставка жариялауы Үкіметтің отставкаға кетуіне әкеледі. Ресми мемлекеттік лауазымдар иерархиясында премьер-министр лауазымы Сербия президенті мен Халықтық скупщина төрағасынан кейінгі үшінші жоғары мемлекеттік лауазым болып саналады.
Бұл лауазымды алғаш атқарған адам — Матфей Ненадович. Ол 1805 жылғы 27 тамызда Сербияның Басқарушы кеңесінің төрағасы болды. Қазіргі премьер-министр Джуро Мацут президент Александар Вучичтің ұсынуымен тағайындалды. Оны Халықтық скупщина 2025 жылғы 16 сәуірде министрлер кабинетімен бірге сайлап, қызметіне бекітті.
Премьер-министрлер тізімі Сербия Республикасы Саяси партиялар:
№ Суреті Есімі Өкілеттігі Партиясы Сайлауы Президенті Үкімет президенті 1 Воислав Коштуница 5 маусым 2006–7 шілде 2008 Сербия Демократиялық партиясы 2003Борис Тадич 2007 2 Мирко Цветкович 7 шілде 2008–27 шілде 2012 Партиясыз 2008 3 Ивица Дачич 27 шілде 2012–27 сәуір 2014 Сербия Социалистік партиясы 2012Томислав Николич 4 Александр Вучич 27 сәуір 2014–31 мамыр 2017 Серб озық партиясы 2014 2016 Ивица Дачич 31 мамыр 2017–29 маусым 2017 Сербия Социалистік партиясыАлександр Вучич 5 Ана Брнабич 29 маусым 2017–6 ақпан 2024 Партиясыз Серб озық партиясы 2020 2022 Ивица Дачич 6 ақпан 2024–2 мамыр 2024 Сербия Социалистік партиясы 6 Милош Вучевич 2 мамыр 2024–16 сәуір 2025 Серб озық партиясы 2023 7 Джуро Мацут 16 сәуір 2025–Қазіргісі Партиясыз
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Премьер-министрлер тізімдері