Жамал Базылқызы Әшірбекова — ғалым-ұстаз, тарих ғылымдарының кандидаты (2005), доцент (2011), Халықаралық CONCORDE академиясының корреспондент-мүшесі.
Өмірбаяны, еңбек жолы 1961 жылы 25 тамызда Павлодар облысы Ақтоғай ауданында туған.
1981 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына түсіп, 1986 жылы "Тарих және құқық" мамандығын үздік бітірген. Еңбек жолын институт комсомол комитетінің хатшысы қызметінен бастап, әр жылдары Тарих кафедрасының оқытушысы, факультет деканының орынбасары қызметтерін атқарды. 2007-2011 жылдары Тарих-экономикалық факультетінің деканы, 2011-2021 жылдары Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің деканы қызметін атқарды. 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының директоры қызметін атқарады. "Қазақ тарихы" ғылыми-әдістемелік" журналының алқа мүшесі.
Ғылыми бағыты, еңбектері 80-нен астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монография, 3 оқу құралы мен 4 оқулық авторы. "Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты (XV ғ. ортасы - XIX ғ. ортасы)" атты оқулық (авторлық бірлестікте), "Қосалқы тарихи пән" атты оқу құралы, "Отандық тарихтың тарихнамасы мен деректемесі" атты оқулық, "Ұлы дала тарихы I кітап" атты оқулық және "Ұлы дала тарихы II кітап" атты оқулықтары кеңінен танымал. Авторлар бірлестігімен жарық көрген бұл екі оқулықта Ұлы дала тарихының ежелгі дәуірден XX ғасырдың басына дейінгі кезеңдегі оқиғалар мен құбылыстары, рухани мәдениет аясындағы ұлттық құндылықтар мәселесі қамтылған. 2004 жылы тарих ғылымдарының докторы, профессор ҚР ҰҒА-ның академигі Кеңес Нұрпейісовтың ғылыми жетекшілігімен "Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметі және тарихи зерттеу еңбектері" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Португалия және Франция мемлекеттерінде ғылыми-тәжірибелік іссапарлар барысында жетекші жоғары оқу орындарда ғылыми-тағылымдардан өткен.
Марапаттары "Ыбырай Алтынсарин төсбелгісі" (2008); Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының дамуына қосқан айрықша үлесі үшін "Ұлағатты ұстаз" алтын медалі; "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі" (2014); "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" (2014);Ұ 43 Ұлттың ұлағатты ұясы: Анықтамалық-танымдық жинақ. – Алматы: "Қыздар университеті" баспасы, 2020 жыл. – 458 бет. ISBN 978-601-346-029-1 Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет Грамотасы (2022); ""Ахмет Байтұрсынұлы" төсбелгісі" (2025);Жамал Базылқызы Әшірбекова
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Жамал Аширбекова.
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Тарих ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті түлектері Санат:Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті оқытушылары