Корсика (; ) — Жерорта теңізінің солтүстік бөлігіндегі арал, Францияның бір департаменті. Ауданы 8,7 мың км². Тұрғындары 269,8 мың (1998), негізінен, корсикалықтар. Ұзындығы 183 км, ені 85 км. Батыс және оңтүстік жағасы тік, жартасты, шығыс және солтүстік жағасы жайпақ. Граниттен, сазды тақтатастан түзілген. Аралдың көп жерін тау (Мон-Сенто, 2706 м), шығыс бөлігін жағалаулық ойпат (ені 10 км-дей) алып жатыр. Климаты жерортатеңіздік, қаңтардың орташа температурасы 12 – 13 С, шілдеде 24 – 26 С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 600 – 1200 мм. 500 – 700 м-ге дейінгі биіктігінде бұталар (маквис), тас емені, қарағайлы орман, одан жоғарыда каштан, емен, 1900 м биіктігіне дейін шамшат, қарақарағай, қандыағаш, 2000 м шамасында субальпілік, альпілік шалғын өседі. Аңғарлар мен жағалауда субтропиктік дақылдар, жүзім, апельсин, бақша өсіріледі. Басты қаласы және порты – Аяччо. Аяччо қаласында әйгілі француз қолбасшысы Наполеон Бонапарт туған.

Галерея 250 px|нобай|left250 px|нобай|left250 px|нобай|left250 px|нобай|left250 px|нобай|left250 px|нобай|left

Дереккөздер

Санат:Франция тарихи аймақтары Санат:Корсика Санат:Лигурий теңізі