ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ– мұнай-газ кәсіпорны. 1995 ж. 22 тамызда «Құмкөл-Лукойл» ЖАҚ ретінде құрылды. Ол 2000 ж. 27 маусымнан «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» ЖАҚ деген атпен қайта құрылды. Кәсіпорын, негізінен, мұнай мен газды барлау, игеру, өндіру, тасымалдау, сыртқа шығару және өткізу жұмысымен айналысады. 2000 ж. 1,2 млн. т, 2001 ж. 1,5 млн. т, 2002 ж. 2,1 млн. т, мұнай өндірді. Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Санат:Кәсіпорындар