Басс бұғазы — Австралия мен Тасман аралы аралығындағы бұғаз. Тасман тауларын Үнді мұхитымен жалғастырады. Ұзындығы 490 км, ең енсіз жері — 213 км, тереңдігі 51 м-ге дейін. Тұрақты ағысы батыстан шығысқа қарай бағытталған. Бұғаздың батыс бөлігінде — Кинг, ал шығысында — Фюрно аралдары жатыр. Басты порты — Мельбурн қаласы Басс бұғазын 1798 жылы ағылшын зерттеушісі Дж.Басс ашқан, соның құрметіне осылай аталған.
Санат:Үнді мұхиты бұғаздары Санат:Аустралия бұғаздары Санат:Тынық мұхит бұғаздары Санат:Тасмания географиясы Санат:Виктория бұғазы