Жоғарғы Көл () — Солтүстік Америкадағы Ұлы көлдер құрамындағы көл. АҚШ пен Канада шекарасында орналасқан.

Аумағы жағынан жер шарындағы ең үлкен тұщы көл. Теңіз деңгейінен 183 м биіктікте жатыр. Ауданы 82,4 мың км2, ұзындығы 613 км, енді жері 256 км, алабы көлдің аумағын қоса алғанда 207,2 мың км2, ең терең жері 393 м. Шоңғалды Сент-Мэрис өзені арқылы Гурон көлімен жалғасады. Жағалауы солтүстікнде жартасты және биік (400 м-ге дейін), оңтүстік жағалауы көбінесе жайпақ, құмайт келеді. Қыста жағалау маңы ғана қатады, сәуірдің аяғында мұзы ериді. Кеме жүзеді. Көл балыққа бай. Жоғарғы Кеңес аумағында Айл-Роял (АҚШ), Пукаскуа (Канада) ұлттық саябақтары орналасқан. Көл Солтүстік Американың ішкі аудандарын Атлант мұхитымен жалғастыратын маңызды су жолы. Ірі порттары: Дулут, Сьюпириор, Ашленд, Маркетт (АҚШ), Тандер-Бей (Канада).

Дереккөздер

Сілтемелер

International Lake Superior Board of Control EPA’s Great Lakes Atlas

Санат:Ұлы көлдер Санат:Сент-Мэрис су алабы Санат:Онтарио көлдері Санат:Мичиган көлдері Санат:Миннесота көлдері Санат:Висконсин көлдері Санат:Шекаралық көлдер