Трифонов Валерий Васильевич (1939 жылы туған, Қырғызстан) – педогогика ғылымының докторы (1993), профессор (1995).

Қысқаша өмірбаяны:

1961 жылы Қазақ физкультура институтын (қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясы)бітірген. 1974 жылы Қазақ КСР-і Халық ағарту министрлігі жанындағы ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген. 1966–1970 жылдары Қазақ КСР-і Спорт министрлігі жанындағы дене шынықтыру және спорт комитетінде аға нұсқаушы, оқу ісінің меңгерушісі, әдіскер. 1977–1995 жылдары ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) оқытушы, доцент. 1995 жылдан профессор қызметін атқарды.

«Система подготовки будущих учителей к работе с трудными подростками» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 40-тан астам ғылыми жарияланымның авторы.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы

Дереккөздер